Санатталмаған

ДЕПУТАТТАР МАҚТААРАЛҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӨНЕЛТТІ

AzatMedia.kz. Түркістан облыстық мәслихатының және барлық аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 18 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті.

Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің өзі ұйытқы болғанын айта кету керек.

Аталған керуенді шығарып салу шарасына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, осындай қысыл-таяң уақытта мақтааралдықтарға көмек қолын созған азаматтарға алғысын білдірді. Ол сондай-ақ бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында тасқын судың бетін қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

«Апат айтып келмейді. Мақтаарал ауданында дәл қазіргі уақытта қауіптің беті қайта бастады. Аталған аудан да мыңға жуық маман жұмыс істеп жатыр. 3,5 мыңнан астам тұрғын эвакуация орындарына жайғастырылған. Оларға біз барлық тиісті көмектерді көрсетуіміз қажет. Осы ретте елдің соның ішінде депутаттардың осындай бастама көтеріп, халыққа болысуы көңіл қуантады. Ең бастысы – халыққа сабыр мен төзімділік қажет. Алдағы уақытта тасқын судан келген шығындар толық есептеліп, жаңа үйлер бой көтеріп, жолдар жөнделіп қалыпты өмір басталатынына сенімдіміз», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Айта кетейік, жалпы соммасы 21 млн. теңге болатын керуенінде азық-түлік тауарларынан бөлек, киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған тауарлар да жеткілікті. Яғни, керуенде 19,7 тонна ұн, 2,9 тонна күріш, 3,6 тонна қант, 2,8 тонна макарон, 1,5 тонна ет, 900 келі жуық сүт өнімдері, 2,8 тонна картоп, 1,7 тонна пияз, 1,3 тонна сәбіз және тағы басқа да азық-түлік өнімдері бар.
Аталған керуен түсауа Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан арнайы қоймаға келіп жетеді деп күтілуде.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

Қазығұртта балалармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері талқыланды

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҮНДІСТАН АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС НЫҒАЙЫП, ЖАҢА ЖОБАЛАР БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН КӨҢІЛДІ ӨТКІЗІП ЖАТЫР

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ «ЯСАУИ ӘЛЕМІ» КВЕСТ САЙЫСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

azatmedia

Пікір қалдыру