Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӘР АЗАМАТҚА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

AzatMedia.kz. Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия тасқыннан келген шығын көлемін есептеуде.

Билік басшылары тасқын су орын алған ауылдардың халқымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тасқын су астында қалған ауылдардың тұрғындарымен жүздесті. Қауіпсіз аумаққа көшірілген халыққа Үкімет тарапынан нақты көмек көрсетілетінін атап көрсетті.

Түркістан облысындағы тасқынға байланысты құрылған мемлекеттік комиссияға топан судан келген шығынды есептеп, ауылдарды қалпына келтіру, инженерлік желілерді жөндеу және зардап шеккен халыққа әлеуметтік көмек көрсету жүктелген. Сонымен қатар, зардап шеккен ауыл азаматтарының әрқайсысына өтемақы төленеді.

Өзбекстанмен шекаралас орналасқан Мақтаарал ауданындағы 5 ауылдың 845 үйін су басты. Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарындағы апатты жоюға мыңға жуық құтқарушы мен 200-дей техника тартылған. Сондай-ақ, су астында қалған ауылдардың кіреберісіне блок-бекеттер қойылып, жосып кеткен жұрттың дүние-мүлкін тәртіп сақшылары күзетуде.

Аудандағы 7639 гектар егіндік қызыл судың астында қалған. Бұл алқаптың басым бөлігіне мақта егілілген. Мамандар нақты шығын көлемін анықтау үстінде. Су алған ауылдардың іргесінде орналасқан тағы 5 елдімекенді облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды. Соның ішінде атап өтетін стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елдімекені қызыл су басудан аман қалды.

Жерлестерімен жүздескен Мақтаарал ауданының әкімі әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен БАҚ арқылы тарап жатқан су тасқыны жөніндегі түрлі бұрмалаушылықтарға қатысты өз пікірін білдірді.

«Халық дұрыс, яғни, ресми, шынайы ақпарат алуы керек. БАҚ-та, әсіресе әлеуметтік желілерде аумақтағы жағдайға қатысты елді дүрліктіретін жалған ақпараттар таралып жатыр. Ең бастысы, адам шығынынан аманбыз. Ал, шығындар есептеліп, толық өтеледі. Жан-жақтан көмек көрсетіп жатқан жерлестерімізге рақмет айтамын. Орын алған жағдайда жалпы жауапкершілік болуы қажет, соның ішінде журналистер де өз жұмысына жауапкершілікпен қараса екен»,-деді аудан басшысы.

Бақыт Асанов жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Мақтаарал ауданындағы 24 эвакуация орындарындағы 3500-ге жуық тұрғынның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты.

Барлығы дерлік медициналық тексерістен өткізіліп, жатын орын мен көрпе-төсекпен тегіс қамтылған. Оларға күніне үш мезгіл тамақ үлестірілуде. Азық-түлік пен жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті керек-жарақтың бәрі жеткізіліп берілуде. Ал, өзге де қажетті заттар мен азық-түлік түрлері әрбір эвакуация орындарына төтенше жағдайға байланысты жасақталған орталық қоймадан тізім арқылы үлестірілуде. Эвакуация орындары боп бекітілген мектептер мен колледж, мешіттерде орналасқан тұрғындар осындай қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып жатқан мемлекет басшылығына, үкіметке, облыс, аудан басшылықтарына және барлық қазақстандықтарға шынайы алғыстарын айтуда.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

Қазығұртта балалармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері талқыланды

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҮНДІСТАН АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС НЫҒАЙЫП, ЖАҢА ЖОБАЛАР БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН КӨҢІЛДІ ӨТКІЗІП ЖАТЫР

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ «ЯСАУИ ӘЛЕМІ» КВЕСТ САЙЫСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

azatmedia

Пікір қалдыру