Соңғы жаңалықтар

Жээнбеков премьер-министрдің кандидатурасына қарсы ма?

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламентке Садыр Жапаровты премьер-министр қызметіне тағайындау мәселесін қайта қарауды ұсынды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жаңадан сайланған парламент спикері Қанат Исаевқа хат жолдаған.

«Онда премьер-министр қызметіне кандидат Садыр Жапаров ұсынған бағдарламаны бекіту, үкімет құрылымы мен құрамын айқындау туралы Жогорку Кенештің (Парламенттің – ескерту) шешімдерін президент аппараты заңнаманың бұзылуына байланысты парламентке қайтарғаны туралы айтылған. Мемлекет басшысы бұл мәселені Жогорку Кенештің кезекті отырысында белгіленген тәртіппен қарауды ұсынды», – делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанды танытқан таланттар. Ресейдегі ең бай блогер – қазақ.

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «АЗАТ» ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ МЕКТЕПТІҢ ҚОСЫМША КОРПУС ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП ОТЫР

azatmedia

Пікір қалдыру