2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 218,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 54,8 млрд теңге бөлінген, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, 2020 жылғы қыркүйек айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,6 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 5,2 млрд теңге бағытталған.
2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 533,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 132,2 мың адамды құрайды.
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
2020 жылғы 1 қазанға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 46 196 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 39 179 теңгені құрады.