Соңғы жаңалықтар

Жаңа iPhone 12 смартфонының бағасы белгілі болды

Apple жаңа iPhone 12 смартфонының топтамасын жариялады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

iPhone 12-нің сатылымдағы бағасы – 799 доллардан басталады. Теңгеге шаққанда 341 828 теңге болады. Ал iPhone 12 mini 699 доллардан бастап сатылмақ. Теңгеге шаққанда 299 046 теңгені құрайды.

iPhone 12 Pro бағасы 999 доллардан (427 392 теңгеден), ал 12 Pro Max 1099 доллардан (470 174 теңгеден) басталады.

Ескерту: Бағалар 14 қыркүйек таңғы 09:30-дағы курс бойынша есептелді. Бұл бағаға жеткізу мен өзге де қосымша қызметтер құны кірмейді.

iPhone 12 Pro және Pro Max жылтыр, күміс, графит және көк түсте болады.

iPhone 12 қызыл, көк, қара, ақ және жасыл түсте шықты.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ГҮЛЗАРЛАРДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

Қазығұрттағы ауыз су мәселесі шешіліп келеді

azatmedia

«Екі күйеуім бар» – Қоғам белсендісі өзінің жаңа күйеуіне іздеу салды

azatmedia

Пікір қалдыру