Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРІ ОҢ БАҒА БЕРДІ

Шымкентке арнайы тәжірибе алмасу мақсатында келген жоғары дәрежелі реаниматолог Д.Цветков жергілікті дәрігерлердің коронавирусқа қарсы атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы ақпараттық – коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша онлайн брифингте айтылды.

– Байқағанымыз, қазіргі уақытта жергілікті дәрігерлер штатты режимде жұмыс істеп, ауруханаға түскен кез келген науқасқа сапалы медициналық көмек көрсетуде. Науқастардың станционарға келіп түскен уақытынан бастап, толық емдеу жұмыстарының жүргізілуін көріп шықтық. Бұл тұрғыда барлығы дұрыс. Шымкент қаласындағы ауруханаларда интенсивті терапияны қажет ететін ауыр жағдайдағы науқастар жансақтау бөлімінде ем алуда. Бұған қоса оларға респираторлық терапия бойынша ем жүргізіледі екен. Бұл өте жақсы. Әлемдік медицина деңгейінде қолданылып жатқан емдеу тәсілдерінің бірі жасанды желдету мен инвазиялық желдету аппаратын қолдана отырып, ауыр жағдайдағы науқасты аман алып қалу. Бұл тәсілді жергілікті мамандар жақсы меңгерген. Шымкентте науқастарға кәсіптік медицина мамандарының көмегі қолжетімді. Қала тұрғындарыгна айтарым, ауру басталған сәттен бастап, медициналық көмекке жүгініңіздер, – деді ресейлік дәрігер.

Айта кетсек, Ресейден келген медицина мамандары қаладағы бірнеше медицина ұйымдарын аралап, емдеу тактикасы бойынша жергілікті дәрігерлермен тәжірбие алмасуда. Жалпы шет елден 7 маман келген. Оның 3-еуі реаниматолог – дәрігер және 4 инфекционист.

 

Қатысты жаңалықтар

«Қазақ тілінің арқасында көтерілдім» – Балалар үйінде өсіп, дәстүрлі ән айтатын орыс жігіті жайлы не білеміз

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 147 АЗАМАТҚА ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАНЫҢ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

azatmedia

Шымкент қаласы әкімінің прессегі ашуланса, «ұрып жібермей ме?»

azatmedia

Пікір қалдыру