Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕГІ ЖҰЛДЫЗ ЕЛДІ МЕКЕНІ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылдық округіне қарасты Жұлдыз елді мекеніне табиғи газ берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Ізгі тілегін жеткізіп, бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар салтанатты шараға Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева, аудан әкімдігінің өкілдері, жергілікті тұрғындар, жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме өкілдері мен «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының мамандары қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Жобаны жүзеге асырған – «KazBuildCo» ЖШС. Газ құбырының ұзындығы – 10,700 шақырым. Нәтижесінде аудандағы жалпы 50 елді мекеннің 39 елді мекені (78%), 48 221 халықтың 43 778-і (90,8%) табиғи газбен қамтылды.

Бұдан бөлек, биыл 8 елді мекенді (Ақжар, Қаратас, Тұрақты, Алмалы, Қошқарата, Кеңсай, Ақтас, Шұқыршақ) газдандыру құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.

Табиғи газбен қамтылу Жұлдыз елді мекенінде тұрмыс сапасын айтарлықтай арттырады. Газ инфрақұрылымының енгізілуі тұрғындарға жылуды үнемді әрі сенімді жеткізуге мүмкіндік беріп, электр энергиясына тәуелділікті азайтады. Бұл өз кезегінде коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттырып, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартады.

Сонымен қатар, газдандыру жобалары жергілікті экономикаға да серпін береді. Газ желілерінің тартылуы шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: азық-түлік өндірісі, тігін цехтары, нан-тоқаш цехтары сияқты кәсіпорындар жұмысын кеңейте алады. Бұл жобалар жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және аудан экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді.

Экологиялық тұрғыдан алғанда, табиғи газды қолдану ауаға шығатын зиянды заттарды азайтуға көмектеседі. Бұл әсіресе ауылдық аймақтарда тұрмыстық пештер мен көмір жағылатын қазандықтардан шығатын түтін көлемін азайтып, тұрғындардың денсаулығын қорғауға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, аудандағы газдандыру жұмыстары басқа елді мекендерге үлгі болып, аймақтық инфрақұрылымды дамытуға шабыт береді. Болашақта Бәйдібек ауданының толық газдандырылуы энергия тиімділігін арттырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты үлес қосады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

azatmedia

Ұстаздардың тамыз кеңесі өтті

azatmedia

Біртанов туралы тың дерек шықты (Видео)

azatmedia