Басты жаңалықтар

Нан: зиян ба, пайдалы ма?

нанның зияны

Ғалымдардың айтуынша, алғаш нан осыдан 15 мың жыл бұрын кездейсоқ пісірілді. Содан қанша заман өтсе де, нан әр уақытта адамдардың басты асы болған, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Испаниядағы Наварра университетінің мамандары бес жыл бойы бұл мәселені зерттеумен айналысқан. Зерттеуге қатысқан 10 мың адам тәжірибе кезінде ақ нанның белгілінген көлемін жеген.

Қазірде жаңа зерттеулерге байланысты, ғалымдар үйреншікті нанның ағзаға зиян қасиеттерін таба бастады. Сонымен нан зиян ба, пайдалы ма?

Бұл тек қандай нан екеніне байланысты деген қорытынды жасады ғалымдар. Ақ нан әйелдерде жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін 2 есе жоғарылатады. Батон, багет сынды нандарда ағзаға сондай қажетті В тобының, Е және РР дәрумендері жоқ. Сондай-ақ обырдан қорғайтын селен де аз кездеседі. Пайдалы заттардың мұндай тапшылығы ақ нан пісіру барысындағы ұнның тартылу әдісіне байланысты. 

Күнделікті бірнеше тілім ақ нан жейтіндердің басқаларға қарағанда бүйрек обырына шалдығу қаупі көбірек. Бұған нан пісіруде қолданылатын ашытқы өз әсерін қосады. Ағзамызға түскеннен кейін ашытқы тез арада таралып, жайылады. Ашытқы ағзаның табиғи микрофлорасын бұзып, бактериялардың дамуына көмектесе алады. Әр тілім ақ нан жеген сайын, сіз бауыр, асқазан, асқорту жүйесіне зақым тигізе аласыз.

Алайда нансыз ас жеу мүкін емес. Сондықтан нанның дұрыс түрін таңдаңыз. Ең пайдалы нан –  бұталы дәндерден пісірілгені. Осындай нан ағзаға зиян әкелмейді, пайдасы да аз емес. Бұталы бидай, қарабидай дәндері ағзаны обыр мен сусамыр ауруларынан сақтайды. Бидайдың кебегі бұрын өндірістің қалдығы болса, қазірде кебек наны өте пайдалы саналады. Ол В және Е тобтарының дәрумендері мен микроэлементтерге өте бай.

Сонымен, нанның пайдалы не зиян екені оның түріне, ұнның өңделу әдісіне байланысты екен.

120 грамм немесе одан көп мөлшерде ақ нан жеген адамдар күніне 60 грамм нан жегендерге қарағанда семіздік ауруына шалдығу қаупі 40 пайызға ұлғайған. Мамандар аталған зерттеуге тек ақ ұннан әзірленген нанды ғана таңдап алған. Себебі, ақ нанның құрамында тұз бен қанттың мөлшері көп, бірақ жасұнық аз.

Аталған зерттеудің қорытындылары британдықтарға бағытталған. Өйткені ағылшындар ақ нанды сүйсіне жейді. Таңғы ас кезінде олар екі тілім ақ нан, түс кезінде – бутерброд жейді. Күн сайын мұнда төрт миллион бөлке ақ нан сатылады.

Ал сіз қандай нан жейсіз?

Қатысты жаңалықтар

«Жағыңа жылан жұмыртқаласын!»: Балғынбек Имашев Алексей Цойға өз ренішін білдірді

azatmedia

Сабина Алтынбекова кімді таңдайды? Қуат Хамитовтың қарсыласы пайда болды

azatmedia

Қазақстанда әйелдерге пандемия кезінде жүкті болмауға кеңес берілді

azatmedia

Пікір қалдыру