Басты жаңалықтар

Партия талаптарына бағынбайтын мекеме басшысы

Azatmedia.kz. Праймериз қатысушыларына 21 қазан, сағат 06:00-ден бастап, 10 желтоқсанға дейін өзі туралы қандай да бір жарнама беруге тыйым салынған болатын. Өкінішке қарай, бұл шешімді партияның кей мүшелері құлаққа ілмеген тәрізді.

Атап айтсақ, праймериз қатысушысы, Шымкент қалалық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабеков фейсбук әлеуметтік желісінде өзінің тарихынан бастап депутаттық қызметке кіріскеннен кейінгі мақсатына дейін түгендеп жазған. Жарнаманың не екенін жақсы білетін маман көпке өтімді тақырыптардың бірі ұстаздарға, дәрігерлерге, қоғам белсенділеріне қолдау көрсетеді екен. Әрине, халық қалаулысы атанса. Сайлауалды бағдарламасының бір бөлігі екені айтпаса да белгілі. Ал мұндай жарнамаға кім рұқсат берді?!

«Мен үшін депутаттық жұмыс – азаматтық көзқарасты жүзеге асыру мен Қазақстанға, еліме, туған өлкеме пайдамды тигізу мүмкіндігі. Бұл менің басты мақсаттарымның бірі десем қателеспеймін! Бүгінгі күннің талабы ұстаздарды, дәрігерлерді, қоғамдық белсенділерді қолдау, соңғы пандемияға байланысты оқиғалар мен жағдайлар біздің қоғамдағы өзекті, түйіні шешілмеген мәселелерді жарыққа шығарды. Алдағы уақытта қаламыздың дамуына азаматтық үлесімді қосып, халыққа күнделікті және олар үшін маңыздылығы бар мәселелерді шешуге ат салысып, жақсы нәтижелер мен көрсеткіштерге көпшіліктің қолдауымен жететініме сенімдімін!» – дейді ол.

Өзіне жасалған жап-жақсы жарнаманы Абайдың сөзімен аяқтаған Данабек Исабековке шынымен де партия тарапынан салынған тыйым жүрмей ме әлде мұндай талаптарды пысқырмауының артында әлдекім тұр ма?! Қазірден бастап талап пен тыйымға құлақ аспаған маманның болашақта көптің арыз-шағымын тыңдап, мәселесімен күресуі қиын секілді…

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда алты әкім қызметінен кетті

azatmedia

Атырауда ер адам Instagram-дағы жазбасы үшін сотталды

azatmedia

Алматы: Енесі келінін сабаған (ВИДЕО)

azatmedia

Пікір қалдыру