Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ БАР «АСТАНА» САЯБАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістанда Рәміздер алаңы бар «Астана» саябағының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, жауапты басшылар мен мердігер компания директорына тапсырмалар берді.

– Жоба жоспарға сай жүзеге асырылуы керек. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да сапалы атқарылсын. Қатаң қадағалауда болады, – деді Нұралхан Көшеров.

Жалпы саябақ аумағына 20,2 гектар жер бөлінген. Онда Рәміздер алаңы, аллея салынып, жан-жағы жайқалған бақпен қоршалады. 12 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылса, қатты жабындылар алаңы 32 мың шаршы метрден асады. 800-ге жуық автокөлік сиятын автотұрақпен қамтылады. Аталған аумақта 20 мың адамның қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізуге мүмкіндік қарастырылады.

 Жаңа саябақ қала тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи қоғамдық кеңістік ретінде қалыптасады. Жобада демалыс орындары, жаяу жүргіншілерге арналған аймақтар және көгалды алаңдар қарастырылып, келушілер үшін жайлы орта құру көзделіп отыр.

Рәміздер алаңының бой көтеруі мемлекеттік құндылықтарды дәріптеуге, ел тарихы мен тәуелсіздік нышандарына деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды бастама болмақ. Мұнда түрлі ресми, мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасалады.

Сонымен қатар, саябақты абаттандыру барысында жасыл желектерді көбейтуге, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға және қаланың сәулеттік келбетін толықтыруға ерекше мән берілуде. Бұл нысан Түркістанның заманауи әрі көрікті қалалық кеңістіктерінің біріне айналады деп жоспарлануда. Жалпы, «Астана» саябағының құрылысы қаланың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау және Түркістанның туристік тартымдылығын арттыру бағытындағы маңызды жобалардың бірі саналады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЭТНОС ЖАСТАРЫМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Қазақстан халқының көпэтностық және көпконфессиялық ерекшелігі мен бірлігі

azatmedia

МАҚСАТ – ӨЗАРА ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРДІ АЛМАСУ

azatmedia