Басты жаңалықтар

Балаларды жерге аунатып сүйреген әйелдің әрекеті желіні шулатты

2020

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына арнайы бейнежазба салып, балаларды еркінен тыс мәжбүрлеуге болмайтынын жазды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қоғам белсендісі жариялаған бейнежазбадан әйелдің үйден балаларды сүйреп, алып бара жатқанын көруге болады. Балалар қарсылық көрсетіп, айқайлап жатыр. Дегенмен оны тыңдайтын ешкім жоқ.

«Балаларды еркінен тыс мәжбүрлеу! Балалар анасына барғысы келіп тұрған жоқ, ал анасы соны біле тұра, малша сүйрелеп алып кетіп жатыр. Әйел мен еркек ажырасты, балалардың не кінәсі бар? Балада таңдау құқығы болу керек! Полиция қызметкері, психолог не қарап тұр мына жерде? Сот шешімі ана жағына шықса да, балаларды еркінен тыс мәжбүрлеуге болмайды!» деп жазды Айгүл Орынбек.

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Конституциясы күнімен құттықтады

azatmedia

Күйеуіме тікелей байланысты. «Ерте ме, кеш пе еститін едіңіздер»: Алтынай Жорабаева

azatmedia

Головкин келесі жекпе-жекке қашан шығатынын мәлімдеді

azatmedia

Пікір қалдыру