Шоу-бизнес

«Шалдарға көркем мiнез көрсетiп қойыңыз…»: Төреғали Төреәлі авторлық курсын ашты (ФОТО)

Тореш

Әнші Төреғали Төреәлі пандемия кезінде жаңа іске білек сыбана кіріскенге сыңайлы. Мысалы ол, авторлық курсын өткізбекші, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында арнайы пост жариялады. Оның жазбасына көзжүгіртсек, курс барысында «Көркем мінез» туралы да сабақтар өтіледі екен.

«Бір Аллаға сиынып,
Кел балалар оқылық!

Қайырлы кеш құрметті оқырман!
Алланың қалауымен ашылған алғашқы өнер мектебімнің алғашқы қоңырауы соғылды.
«ҰЛЫ ДАЛА БАЛАСЫ БОЛАМ ДЕСЕҢ…» атты жеке онлайн курсымды бастаймын.

1. Шешендік өнер

2. Кино және театр

3. Эстрада

4. Көркем мінез

5. Спорт

тақырыптары бойынша пайдалы ақпарат, құнды білім мен жеке тәжірибеге толы сабақтар сіздер үшін қолжетімді», – деп жазған Төреғалидың бастамасын бірі қолдаса, бірі сынап, тіпті, қалжыңдап үлгерді.

Мәселен, желі қолданушылары: «Көркем мінез қалай болады екен?», «Диванда қозғалмай аптасына 7 күн жатуды үйретем» деген онлайн курс өткізем-ау дейм мен де», «1 қазанда Шалдарға көркем мiнез көрсетiп қойыңыз», «Қазіргі шала қазақ балаларды үйрету керек шешендік сөздерге. Сөздің төркінін түсінбейді, астарлы айтылған ойды ұқпайды көп балалар. Сол ұрпақты жөндеу керек», – деп түрлі пікір қалдырды.

Қатысты жаңалықтар

Танымал әншінің сахнадағы әрекеті қызу талқыға түсті (видео)

azatmedia

«Анамның ойымен келіспеймін» – Әли Оқапов Иманбектің тыңдармандарынан кешірім сұрады

azatmedia

«Арамызда неке жоқ» – Ерке Есмахан жеке өмірі туралы жазды

azatmedia

Пікір қалдыру