Соңғы жаңалықтар

Президент отандық электронды өнімдерге атау берді

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов отандық электронды өнімдердің жаңа үлгілермен танысып, оларға атау берді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

«Түркіменстан шежіресі» басылымында ел президентінің смарт-теледидар, ұялы телефон, роутер мен ауыз суды салқындатуға және жылытуға арналған құрылғы сынды бірнеше техникалық заттарға атау бергені жазылды.

Қазіргі уақытта Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы Сердар – елдің өнеркәсіп және құрылыс өнеркәсібі министрі. Аталған заттарға атау беруді де президенттің ұлы ұсынған.

Түркіменстан президенті смарт-теледидарға «Älem», смартфонға  «Milli», екі сим-карталы телефонға «Körpe», роутерге «Uçgun», ауыз суды салқындатуға және жылытуға арналған құрылғыға «Mylaýym» деген атау қойған.

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Боратты» ұстады

azatmedia

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ КӘСІПҚОЙ БАЛУАН

azatmedia

«БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА БІР БИЛЕТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру