Ақпарат

Қазығұрттық шаруалар екінші өнімді өсіріп жатыр

Егіншілік

Қазығұрт диқандары егістік жерді толықтай игерген, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы С.Рақымов ауылдық окургінің жалпы жер көлемі 9637 га болса, 2741 га егістік жер бар. Сондай-ақ, 1925 га шабындық және 4321 гектар жайылым жер болып есептеледі.

Қазіргі таңда аталған ауыл округінде 172 шаруа қожалықтары мен 3 өндірістік кәсіпорын және 3 ЖШС бекітіліп берілген. 2020 жылға түзілген жоспар бойынша «Үш жақтама келісім» шартқа сәйкес игерілетін егістік жер көлемі 2350,0 га болса, игерілгені 2352,3 гектар болып, жоспар 100 пайызға орындалған. Оның ішінде 635,0 га күздік бидай, 597,0 га жаздық бидай, 110,0 га арпа, 101,5 га мақсары дақылдары егіліп, қосымша 80,9 га бау мен 641 га ескі жоңышқа және 178,5 га жаңа жоңышқа тұқымы себілген.

Айта кетейік, бүгінде қазығұрттық диқандар облыс көлемінде кеңінен қолға алынған бір жерден жылына екі, үш өнім алу бастамасы бойынша бірінші өнімді жинап, екінші өнімді жерге тастап үлгерген.

Қатысты жаңалықтар

«Қоймадағы триллиондаған теңгені термиттер жеп қойған» – Ұлттық банк тараған ақпаратқа түсініктеме берді

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА

azatmedia

Пікір қалдыру