Басты жаңалықтар

Қазақстанда қандай жағдайда кинотеатрлар ашылуы мүмкін екені айтылды

кинотеатр

Қазақстанда белгілі бір шектеулер қойылса, кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев  айтты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, комитет кинотеатрлар үшін жеңілдік жасау мәселесін қарастырып жатыр. Жақын арада іске асырылуы мүмкін бірнеше нұсқа талқыланып жатыр дейді.

«Қазіргі уақытта комитет бұл мәселені зерттеп, қарастырып жатыр. Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таяудағы отырысында кинотеатрлардың қызметін қайта іске қосу ұсынылады. Алайда залдар 100 пайызға толмайды. Сондай-ақ, кинотеатрлардың иелері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауға міндетті. Біз отырыста ұсынатын боламыз, алайда түпкілікті шешімді комиссия қабылдайды», – деді Байтанаев.

Ержан Байтанаев стал официальным представителем Комитета контроля качества  и безопасности товаров и услуг
Ержан Байтанаев

Еске салайық, мұның алдында кинотеатр иелері бизнесі құрдымға кеткенін айтқан еді. Олар 15 миллиард теңге жоғалтқанын мәлімдеген болатын.

Қатысты жаңалықтар

Сұмдық! Ұялы телефонның зардабы өлімге әкелді

azatmedia

Дариға Назарбаева саясатқа қайта орала ма?

azatmedia

Көптоғайдағы дау. Шекарашылар неге қоршау орнатылып жатқанын түсіндірді

azatmedia

Пікір қалдыру