Қоғам

Жаппай төбелестің бел ортасында жүрген әженің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

драка

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жаппай төбелеске қатысты арыз-шағым түскен жоқ, деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Қолданушылар төбелестен бұрын түнгі уақытта гүл ұстаған әженің қайдан шыққанын қызу талқылап жатыр.

Видеодан бірнеше адамның төбелесіп жүргенін көруге болады. Кадрда қамзол киген әже де бар. Басында ақ орамал, қолында бір шоқ гүлі бар кейуана бір жігітті итеріп, жолдың бергі жағына өтіп кетеді. 

Желі қолданушылары жаппай төбелестің жұмадан сенбіге қараған түні «Туысқан бар» деген жерде болғанын жазып жатыр. Алайда, көбісі төбелесті емес, түнгі уақытта гүл ұстаған әжені талқыға салуда.

Біреулер оны түнгі клубтардың жанында жиі көретінін және оның қайыр сұрап жүретінін жазса, енді біреулер төбелестің арасында жүрген әженің әрекетін әзіл-қалжыңға айналдыруда.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жаппай төбелеске қатысты арыз-шағым түскен жоқ. Алайда, әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін бұзақылық әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

Баланы үйде сүндетке отырғызуға бола ма?

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: Қ. Әбдалиев ауылдық округі инвестиция тарту жоспарын толығымен орындап отыр

azatmedia

Пікір қалдыру