Соңғы жаңалықтар

Н.Ә. Назарбаев Түркістан халықаралық әуежайының ашылуына қатысты

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Түркістан халықаралық әуежайының ашылуына қатысты, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысты. Қаладан 20 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технология көмегімен барлық халықаралық стандарттарға сай салынған», – деп жазды Айдос Үкібай.

Бұған дейін Түркістан халықаралық әуежайына Hazret Sultan Airport атауының берілетіні белгілі болған еді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИДІҢ «ДИУАНИ ХИКМЕТ» КІТАБЫНЫҢ КӨНЕ ҚОЛЖАЗБАСЫ ТАБЫЛДЫ

azatmedia

Шымкент: Қаратау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының семинары өтті

azatmedia

Жылаған бүлдіршін үшін өмірін қатерге тіккен қазақстандық ел ықыласына бөленді (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру