Армения мен Әзірбайжан қарулы күштері арасында кескілескен шайқас басталды. Екі тараптан да бейбіт тұрғындар мен сарбаздар арасында шығындар бар, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы BBC сайтына сілтеме жасап.
26-қыркүйек күні Әзірбайжан тарапы Арменияның шекаралас аймақты атқылағанын жеткізген болатын. Ал 27-қыркүйекте екі елдің әскері ашық қарулы қақтығысқа көшті. Армения қарулы күштері Әзірбайжанның 2 тікұшақ, 3 танк және 14 өздігінен ұшу құрылғысын жойғанын мәлімдеп, дәлел ретінде танктерді жойған видеоны көрсетті. Әзірбайжан Арменияның әуе қорғанысын қамтамасыз ететін 12 дана «OSA» зымыран кешені мен жаяу әскердің көзін жойғанын мәлімдеді.
Армения тарапынан премьер-министр Н.Пашинян «Еліміздің әскерилерін өздерінің борышын өтеп жатқан аудандарға дереу барып, Отан үшін, Жеңіс үшін жұмылуын сұраймын» деген үндеу жасады. Әзірбайжан президенті И.Әлиев болса «Шейіт болған сарбаздарымызды Алла жарылқасын. Олардың қаны үшін кек аламыз.