Әлем жаңалықтары

Билікті бермеймін, мені ол үшін сайламады – Лукашенко

Лукашенко

Беларусь президенті Александр Лукашенко биліктен кетпейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz тілшісі БЕЛТА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ер адам ретінде пікірімді білдірейін, бізде түсінбестік болған емес. Маған «билікті бергісі келмейді» деген айып жиі тағылады. Сын орынды. Бірақ халық мені ол үшін сайлаған жоқ. Сіздер де биліктің иесісіздер, оның бір бөлігісіздер. Билік адамға оны қолға алып, тастай салу үшін берілмейді. 90-жылдардың ортасында билікте былық көп еді. Кейбірі оған аяғын сүртетін. Бұл кезең көбінің есінде. Мен Беларусьтің сол уақытқа оралуын қаламаймын. Сондықтан ешкім билікті кінәлай алмайды», – дейді Лукашенко.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы наразылық білдірушілердің жетегінде кетпейтінін, билікті бермейтінін атап өтті. Сондай-ақ, ол прокурорларды өз жағында болуға, егер олай жасай алмаса, жұмысқа кедергі келтірмеуге шақырды.

«Мұны сізбен немесе сізсіз-ақ жасаймын. Шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Бірақ басымды ие алмайсыздар. Жанымда болып, мемлекетті құтқарғыларыңыз келсе, қосылыңыздар. Оны қаламаңасыздар, елге сатқындық жасамаңыздар. Сіздер – погондағы адамдарсыздар. Хайп жасаудың керегі жоқ. Жолдан ары тұрыңыздар, кедергі жасамаңыздар!», – деді ол.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы наразылыққа ұласқан еді

Қатысты жаңалықтар

Шок! Екібасты бала дүниеге келді

azatmedia

А.Лукашенко: Зеңбірекке «жем» боласыңдар!

azatmedia

Жаңа президенті сайланды

azatmedia

Пікір қалдыру