Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында жаңбыр тағы толассыз жауып, өзендер тасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аймақ орталығы Чэнду қаласының шеткі аудандары су астында қалған. Тасқыннан бірқатар тасжолдар жабылып, көліктер қаңтарылып қалды. Табиғат апатынан қаза тапқандар туралы ақпар жоқ.
Қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қытайда биыл жыл басталғалы жауын мен су тасқынынан 200-ден астам адам опат болған. Ел экономикасы 25 миллиард доллардан астам шығынға ұшырады.