Соңғы жаңалықтар

Қыркүйекте үй бағасы қымбаттаған

2020 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тағы үйлердің орташа құны 13 пайызға қымбаттаған, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы Redfin компаниясының деректеріне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, Құрама Штаттардағы үйдің орташа құны 319 мың долларға дейін өскен. Бұл 2013 жылдың қазан айынан бергі жеті жылдағы рекордтық көрсеткіш дейді сарапшылар. «Нарықтағы бағаның тез өсуі тұрғын үйді алғаш сатып алғандар үшін қолайсыз», — деп түсіндірді Редфиннің бас экономисі Дэрил Фэйрвезер. – Баға өсуінің себебі – тұрғындар қала шетіне үдере көшіп жатыр. Сонымен қатар қашықтан жұмыс істеу үрдісі де тыныш әрі қаладан тысқары жатқан үйлерге деген сұранысты арттырған».

Маманның айтуынша, АҚШ-тағы жылжымайтын мүлік бағасының өсуі 2021 жылы баяулауы мүмкін.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «КАТКО» КОМПАНИЯСЫ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

azatmedia

Оралда әскери сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

azatmedia

Тәуелсіздікке 30 жыл: ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ

azatmedia

Пікір қалдыру