Соңғы жаңалықтар

Бейбітшілік және келісім шеруі – Түркістанда

«Еуропа–Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанға келді. Үш елдің, яғни Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 16 қаласын аралауға ниетті жандар көне шаһардың көрікті жерлерімен, өлкеміздің тарихымен танысты, деп хабарлайды anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.
Алдымен түрлі этнос өкілдерінен құралған 30-ға жуық марш қатысушысы Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы саябақта көк туды салтанатты түрде алып өтті. Бұдан соң ашық аспан астында арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шараны тамашалады. Татулық пен бірлікті дәріптеген жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев, сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Шеру қатысушысы Динара Әкімбекова мұндай марш болатынын ести сала қолдап шыққанын айтады. Абзал ана өз балаларының, жақындарының бейбіт аспан астында өмір сүргенін қалайды. – Бұл халықаралық шерудің мақсаты – этносаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты насихаттау. Дінге, ұлтқа бөлінбей, халықты бірлік пен ынтымаққа, келісімге шақыру. Бұған дейін халықаралық марш Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Бішкек, Тараз қалалары арқылы жүріп өтті. Жаңарған Түркістан шаһары біз ат басын бұрған жетінші қала. Шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Енді Түркістанда біраз аялдап, ары қарай Қызылорда қаласына аттанамыз, – дейді ол. Айта кету керек, халықаралық шерудің екінші кезеңі Еуропа, Азия елдерінің 18 мемлекетін қамтитын болады.

«Anyqtimes-ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 104 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «БАС МҮФТИ ТАҒЫЛЫМЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТІҢ БІЛІМ ОШАҒЫНДА «SOS ДАБЫЛ БАТЫРМАСЫ» ОРНАТЫЛДЫ

azatmedia