Соңғы жаңалықтар

«Яндекс» Тинькофф банкін сатып алмақ

TCS Group Тинькофф банкін «Яндекс»-ке сату бойынша келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді , – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісім құны – 5,48 миллиард долларды (1 акция құны – 27,64) құрап отыр. Бағалар 21 қыркүйектегі құнды қағаздардың құны бойынша белгіленді. Банктің сатылатыны туралы ақпарат шыққаннан кейін TCS Group-тың құнды қағаздары 5 пайызға, «Яндекс»-тікі 3 пайызға қымбаттаған.

Компания екіжақты келісімнің болатынын мәлімдегенімен, нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Сатып алу мен сату шарттары алдағы уақытта белгілі болады. «Бұл келісімнің болуы заңды еді. Олег (Тиньков) ауырып жатыр. Отбасына мынадай жобаны тастап кету қауіпті» делінген Forbes дереккөздерінің бірінде.

Айта кету керек, Тинькофф банкінің құрылтайшысына 2019 жылы лейкемия диагнозы қойылған болатын.

Қатысты жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА ОҚУ ЖЫЛЫН 1823 ТҮЛЕК АЯҚТАДЫ

azatmedia

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ЖАС МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ РАСТЕТ ОБЪЕМ ПРОИЗВОДСТВА ЛЕГКОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ

azatmedia

Пікір қалдыру