Соңғы жаңалықтар

Макгрегор тұтқындалды

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті бойынша тұтқындалды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

32 жастағы Макгрегор Жерорта теңізінде жұбайы Ди Девлинмен бірге демалуда. Полиция сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті бойынша спортшыны күдікті деп танып, тұтқынға алған. Алайда тергеуден кейін қайта босатқан. Спортшының қорғаушысы айыптардың алынып тасталғанын мәлімдеді.

Спортшы маусым айында өзінің спорттағы карьерасының аяқталғанын мәлімдеген болатын. Осыған қарамастан, оны түрлі тыйым салынған перпараттарға тексеру жалғасуда.

Бұл Макгрегор төңірегінде туған алғашқы дау емес. 2019 жылы да оны зорлық-зомбылық бабы бойынша тұтқындаған еді. Ал былтыр қазанда зорлау бабы бойынша да айыпталған.

Қатысты жаңалықтар

ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕС 3 БУЫНДЫ МОДЕЛЬДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

azatmedia

Д.Қыдырәлі: Тіліміз – татулықтың тілі болуы тиіс

azatmedia

Пікір қалдыру