Соңғы жаңалықтар

Митинг. «Кредитті кешіру мүмкін бе?»

Алматыда кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап еткен митинг өтті, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Рұқсат етілген митингке 100-ге жуық адам қатысқан. Жиналғандар кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап еткен. Сондай-ақ плакаттардан «саяси тұтқындарды босату туралы» талаптарды да көруге болады.

Митингті ұйымдастырушы Жанболат Мамайдың айтуынша, митингке қатысқандар саны мыңнан асып кетсе, қалғандарын үйіне жіберіп, жиынды заңсыз деп танитындарын айтқан. Уақыт бойынша да бірқатар мәселелер бар екенін атап көрсетті.

Белсенді кредиттік амнистияның популизм емес халыққа шынайы көмек екенін де тілге тиек етті. «Мен ірі банктердің өкілдерімен сөйлесіп, кредитті кешіру мүмкін бе деп сұрадым. Әрине, банктерге бұл тиімсіз. Бірақ, экономикалық тұрғыдан іске асыруға болады. 2008 жылдан бастап бүгінге дейін банктер мемлекеттен 10 триллионнан астам қаржы алды. Бұл ақша қайда? Неге ол ақшаны қайтармайды? Екіншіден, Ұлттық қорда қаражат бар деп айтып жатыр. Президенттің жобаларына екі триллион бөлінеді екен, нақты не үшін екені – жұмбақ. Кредиттік амнистия популизм емес, халық үшін шынайы  көмек» дейді ол.

Қатысты жаңалықтар

Жер жүзіне палуандықпен атын жайған… қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар?

azatmedia

Ұлттық қордың валюталық активтері азайған

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ОҚМПУ ЕЛІМІЗДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОО-НЫҢ АРАСЫНДА 3-ОРЫНДА

azatmedia

Пікір қалдыру