Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталды

«Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталды» – деп, хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Нұрлан Таубаевпен қатар облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров та құрықталған. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар аймақтың инфрақұрылымдық дамуы мен жол құрылысымен айналысатын компаниялардың бірінен 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу мүддесі үшін істің мән-жайы әлі ашылған жоқ.

Айта кетейік, Нұрлан Таубаев облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына мамыр айында, ал Тимур Басаров Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы қызметіне маусым айының соңында тағайындалған болатын.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ҚАСЫМЖОМАРТ КЕЛДІ

azatmedia

АРЫСТА ӨТКЕН КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТА ӨҢІРДІҢ ДАМУ ЖАЙЫ СӨЗ БОЛДЫ

azatmedia

Семейліктер ереуілге шықты

azatmedia

Пікір қалдыру