Ұлыбританияда 22 жастағы бойжеткен пластикалық отаға 49 мың долларын сарп еткен, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Эмбер Мэй – тележүргізуші әрі модель болып жұмыс істейді деп жазады Daily Star басылымы. Пластикалық отаға әуестеніп алған ару адам танымастай өзгеріп кеткен.
Ол жеңіл жүрісті әйелдерге келбетінің ұқсағанын қалаған. Нәтижесінде айналдырған екі жарым жылда бойжеткен пластикалық отаға шамамен 49 мың доллар жұмсайды. Стриптиз билеп ақша табатын бойжеткен, қаражатының денін келбетіне жұмсайтын көрінеді.
Ол көшедегі адамдардың оны Барби қуыршағына ұқсататынын айтып, мақтанды. Мидлендсте тұратын Эмбер 18 жасынан пластикалық ота жасатып жүр. Ол 19 жасында алғаш рет төсін үлкейткен.
Бірнеше аптадан кейін ол қайтадан ота жасатуға бел буады.
«Мен қашан да жасанды үлкен төсім болғанын қалайтынмын. Instagram желісіндегі төсі үлкен қыздарды көріп, олардан асып түсуге бел будым», – дейді ол.
Бойжеткен төсінен бөлек жамбасын үлкейтіп, мұрнын түзеткен. Артынша ернін үлкейтіп, бетіне, иегі мен жағына да пластикалық ота жасатады. Эмбер мұндай құрбандықтарға желіде танымал болу үшін баруда.
«Алғаш төсімді үлкейткенде менің парақшама бір түнде 20 мың адам жазылды», – дейді ол.
Бойжеткенді, тіпті пластикалық отадан денсаулығына нұқсан келіп жатқандығы да тоқтатар емес.