Соңғы жаңалықтар

3 миллион теңгеге қоянға үй салып берген

Айқай-шудан басы арылмайтын атақты тележүргізуші Аманда Холден қояндарына арнап сарай салдырды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы The Sun басылымына сілтеме жасап.

Сарай тележүргізушінің қыздарының ойыншық үйінен жасалды. Қояндарға арналған бұл үйде жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі және асхана бар. Сонымен қатар қоян бейнесіндегі жастықтар да қойылған. Бірнеше терезе мен кіретін есігін орнатуды да естен шығармапты.

Ойыншық үйді қояндар сарайына айналдыру үшін барлығы 6 мың фунт стерлинг кеткен. Бұл теңгеге шаққанда, шамамен, 3 миллион 300 мың теңге шамасында. Тележүргізушінің айтуынша, ол қояндарын өте жақсы көреді және оның отбасы мүшелеріне айналып кеткен.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕН ӘКІМДІГІ 3 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕДІ

azatmedia

8 адам қайтыс болды. Соңғы деректер не дейді?

azatmedia

Таразда орын алған оқиғаға қатысты тың дерек шықты

azatmedia

Пікір қалдыру