Соңғы жаңалықтар

Таразда орын алған оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Тараздағы мектеп оқушылары арасындағы атыстан зардап шеккендер бірнеше күннен соң ауруханадан шығарылады. Дәрігерлер олардың өміріне төнген қауіп жоқ екенін жеткізді. Ал құзырлы орын мен білім бөлімі болған жағдайды бес күн бойы жасырған. Әлі күнге тұшымды ақпарат беруден тартынып отыр, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы жанжалға не себеп болғаны әлі белгісіз.  

Оқиға өткен аптада Шөлдала ауылында болған. Бір топ азамат осы елдімекеннің жасөспірімдеріне оқ жаудырған. Алайда бұл дерек жасырын ұсталған. Жаппай тәртіпсіздікке қанша адамның қатысқаны да белгісіз. Ал жарақат алғандардың саны үшеу. Оның біреуі – колледж студенті, екеуі 11 сынып оқушылары. Денесі бытыраға тұнып қалған жәбірленушілер ауруханада жатыр. 

«Ауруханаға жатқан уақытта олардың жағдайы орташа ауыр деп есептелді. Бытыраның көптігіне байланысты ота жасалды. Балалардың өміріне қауіп төнетіндей, бытыралардың қан тамыры маңына орналасу қауіпі жоқ. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты», – деді Жамбыл облысы көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Азат Сәтжанов.

Оның сөзінше, ем қабылдап жатқан екеуі енді екі күнде үйіне жіберіледі. Ал Шөлдаланың тұрғындары бұл оқиғадан әбден шошып, балаларын көшеге шығаруға қорқып отыр.

Оқыс жағдайдан кейін мектеп директоры мен оның орынбасарына қатаң сөгіс берілген. Ал жағдайға қатысты түсініктеме беруден қашқақтаған білім бөлімінің басшысы қару қолданған қарсы тарап қай мектептің оқушылары екені туралы ақпарат берген жоқ.   «Бұл жерде тағы да қайталап өтемін. Бұнымен тергеу орындары айналысып жатыр, сондықтан арнайы мамандар жауап беруі керек», – деді Тараз қалалсы білім бөлімінің басшысы Саясат Есеев.

Тәртіп сақшылары аталмыш деректі барынша құпия ұстауға тырысуда. Тек шағын мәлімет таратты. Ал бейресми мәліметтерге сүйенсек, көрші ауылдың үш машинаға мінген бір топ азаматы Шөлдалаға келіп, №55 мектептің шәкірттеріне оқ жаудырған.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыс істеген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық істің толық мән-жайы қылмыстық процесуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», – деді Тараз қаласы №2 полиция басқармасының басшысы Бейбіт Нәлеков.

Қатысты жаңалықтар

«Ұтатын кім екенін сезіп тұрмын» – әнші Әміре «Маска» шоуы туралы айтты

azatmedia

Масылдық жақсы қасиет емес

azatmedia

«Түсіне алмаймын» – белгілі тележүргізуші кейбір аналарды сынға алды

azatmedia