Жаңалықтар

Ақтөбеліктер қаруланып жатыр

Қазірдің өзінде Ақтөбе облысында 8 мыңнан астам атыс қаруы бар адам тір­кел­ген. Олардың бәрі қаруы­на рұқсат алып алған деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Polisia.kz пор­талына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылғы 1-31 қыркүйек ара­лығында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Оның бары­сында «қаруланған» аза­мат­тар онысын қалай сақтайтыны, қа­руын жоғалтқандарының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тұрғылықты жері бойынша тексеру барысында 20 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Мы­салы, 13-і қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзған. Екеуінің қару сақтайтын сейфі қабырғаға бекітілмепті, жай қоя салынған. Біреуі қаңылтыр шкафта сақтап келген, яғни сейф металы қалың­дығының параметрлерін сақ­­та­маған. 6-ауы қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзыпты.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Мәртөк және Шалқар ауданында 2 дана электрошокер тәркіленді. Мысалы, 1 қыркүйекте полиция қызметкерлері «Жайсаң» ҚӨК-де шекара қызметінің қыз­мет­керлерімен бірлесіп, елімізден Ресейге шығатын жолда Қазақстан азаматының басқа­руындағы «Рено Дастер» маркалы автокөлігін тоқ­татқан: оны тексеру кезінде 801 «TYRE» маркалы электрошокер табылды. Аталған факті бойынша хаттама толтырылып, Әкімшілік кодекстің 482-бабы бойынша әкім­шілік жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жіберіледі.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» ҚЫЗМЕТІНЕ 24197 АЗАМАТ ЖҮГІНГЕН

azatmedia

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 460 МЫҢ ТОННА ЕРТЕ КӨКТЕМГІ ӨНІМ ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

azatmedia

Пікір қалдыру