Соңғы жаңалықтар

Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйектен басталады

коронавирус

Елімізде тұмауға қарсы екпе мерзімнен екі апта бұрын басталады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы денсаулық сақтау министрлігініне сілтеме жасап.

«СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11 пайызын қамтуға жеткілікті. Сонымен қатар денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 900 дозаға тапсырыс берді», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйектен басталады.

«Яғни әдеттегі мерзімнен екі апта ертерек. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау секілді ауруларға қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді. Естеріңізге салайын, тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталады. Маусымдық тұмауға қарсы халыққа екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалды. Қосымша екпе салатын мамандар оқытылуда. 1 мыңнан астам семинар өткізілді. Нәтижесінде 7 мыңнан астам дәрігер мен 15 мыңға жуық кіші және орта буын қызметкер даярлықтан өтті», – деді Бағдат Қожахметов.

Қатысты жаңалықтар

АРНАЙЫ ТОП ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ

azatmedia

Мұражай құндылықтары (ФОТО)

azatmedia

Қажымұқан жайлы біз білмейтін дерек көп

azatmedia

Пікір қалдыру