Қоғам

«Көп шенеунік абақтыға қамалады» – дейді, Ирина Әбдірайымова

Шымкент

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова күздің бірінші айына болжам жасады деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Астролог Ирина Әбдірайымова айдың басында көптеген елдің заңнамасы өзгеретінін айтты. Бірақ, жаңа нормалар адамдардың көңілінен шықпайды, керісінше, ашуын тудыруы мүмкін.

«Қыркүйек айының басында көптеген елдің басшылары заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, халықтың қытығына тиеді. Өзгерістер сайлау заңнамасына да қатысты болуы мүмкін. Былайша айтқанда, президенттер  қыркүйектің бірінші жартысында тым белсенді жұмыс істейді», – деді қазақстандық маман.

Оның болжамынша, елдердің экономикалық жағдайы жақсармайды. Құрылыс, металлургия, көлік салаларында біраз компания қиын жағдайға тап болады. «Айдың басында бір-бірімен қырғи-қабақ болып жүрген тараптар татуласады, келісімге келеді. Сол себепті осы кезеңде митингтер мен наразылықтар азаюы мүмкін.

Өкінішке қарай, бұл ұзаққа созылмайды. Қыркүйектің соңына қарай, әсіресе, қазанда адамдар бас көтеріп, оларды тоқтату қиынға соғады. Мемлекеттер арасында да, елдердің өз ішінде де әскери қақтығыстар күшейеді», – деді Әбдірайымова.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia

Электр желілеріне жалғануға техникалық шарттар қалай беріледі?

azatmedia

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру