Қай өңірде болмасын тұрғындардың қауіпсіздігі мәселесі қашанда күн тәртібіндегі басты мәселе болып қала бермек. Бұл бағытта әр өңірде қауіптің алдын алу, болдырмау мақсатында халыққа қызмет көрсететін төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдердің жұмысы маңызды рөлге ие.
Өрттер әрқашан қауіп төндіреді, әсіресе бұл адамдар көп жиналатын орындар үшін өзекті. Мұндай нысандардағы өрт адамдардың үлкен тобының және көптеген құрбандардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Тарихта, біз білетіндей, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, біреудің немқұрайлылығы мен сауатсыздығынан адамдар қайтыс болған кезде көптеген қайғылы мысалдар болды. Адамдар көп жиналатын жерлерде өрттердің туындауын болдырмау үшін осы талаптардың барлығын сақтау қажет. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жеткіліксіз, объектінің өзі өрт қауіпсіздігіне әкелуі керек.
Адамдардың жаппай жиналатын объектілерінің санаты айтарлықтай көп. Оларға функционалдық өрт қаупі жағынан әртүрлі ғимараттар мен құрылыстар жатады: кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, спорттық ғимараттары, сауда орындары, қонақ үйлер, ауруханалар, қарттар үйлері, білім беру объектілері.
Берілген санат объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттармен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптар қатаң қарастырылған, сонымен қатар берілген объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндетті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі де жоғары.
Адамдар жаппай болатын объектілер барлық адамдар өрттің туындағаны туралы хабардар болып, уақытында эвакуациялануы үшін автоматты өрт дабылымен жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ көрінетін жерлерде өрт кезінде эвакуациялау жоспарлары, қауіпсіздік белгілері мен көрсеткіштер болуы тиіс. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялаудың схемалық жоспарына қосымша қауіпсіз және ұйымдастырылған эвакуация үшін өрт кезінде персоналдың іс-қимылын анықтайтын нұсқаулық әзірленуі тиіс. Адамдар жаппай болатын кез келген үй-жайларда шығу жолдарының есептік саны кемінде екі болуы тиіс. Эвакуациялау жолдары қажетті мөлшерде болуы, үймеленбеуі, егер құлыптаулы болса, онда ішінен кілтсіз оңай ашылатын тиектерге ғана қойылуы тиіс. Есіктер шығу бағыты бойынша ашылуы тиіс. Кілем төсеніштері еденге бекітілуі керек, терезелерде бос торлар болмауы керек. Кезекші персоналдың электр қуаты ажыратылған жағдайда шамдары болуы тиіс. Жарты жылда кемінде бір рет оқу эвакуациясы жүргізілуге тиіс.
Тағы бір талап-адамдарды сөндіру және құтқару үшін өрт сөндіру техникасы ғимаратына кіру мүмкіндігі.
Бірақ егер өрт орын алса, Өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуацияны, мүлікті қорғауды және өз күштерімен сөндіруді сауатты ұйымдастыра отырып, оның салдарын барынша азайтуға болады. Бұған басшылар мен қызметкерлердің міндеттерін қатаң орындау арқылы қол жеткізуге болады.
Жаппай адамдар жиналатын әрбір объекті алғашқы өрт сөндіру, өртке қарсы қызметті шақырту үшін байланыс құралдарымен қамтамасыз етілу және автоматтандырылған өрт сигнализациясымен, өрт сөндіру және адамдарды құлақтандыру құралдарымен жабдықталуы керек.
Жаппай адам жиналатын орындарға ерекше өрт қауіпсіздігі талаптары қойылады. Бір мезгілді 50 адамнан көп адам жиналатын орындар жаппай адам жиналатын орындар ретінде есептеледі. Қоғамда мұндай объектілердің қатарына білім беру мекемелерін, сауда орталықтарын, жатақханаларды, ауруханаларды және хостелдерді жатқызуға болады. Аталған объектілерде алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті қоры, өрт техникалық минимум бағдарламасынын өткен мамандар, автоматтандырылған өртке қарсы жүйенің болуы және ұйым басшысының қаулысымен бекітілген арнайы өрт қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғаның болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Ғимарат өрт сөндіру техникасының кіруі қамтамасыз ететілетін кіру жолымен қамтамасыз етілуі керек. Ғимарат ішінен қауіпсіз жерге шығу қамтамасыз етілетін эвакуациялық шығу жолы әрдайм жарамды күйде күтіп ұсталып, ашық күйінде тұруы қажет. Эвакуациялық шығу жолдарында әрдайым жанып тұратын «Шығу», «Эвакуациялық шығу» және «Эвакуациялық шығу есігі» белгілерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ұйым аумағында жанғыш сұйықтықтарды, қорғағаш қабілеті бұзылған электр желілерін пайдалануға және шылым шегуге, есіктер мен терезелерді темір тормен жабдықтауға тыйым салынады.
Эвакуация жолдарына ерекше көңіл бөлу қажет, қаптау материалдарын және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін еден қаптауын қолдануға болмайды.
Сауда жабдықтары эвакуациялық шығу жолдарына қатар жағалай еркін өту жолдарының ені 2 метрден кем емес қамтамасыз ету ескеріле отырып, орналастырылуы керек. Эвакуация жолдарында және баспалдақ бойында сағат жөндеу пунктерін, киосктер, ойын, сауда аппараттарын орналастыруға болмайды.
Өртке қарсы су өткізу жүйесі, яғни өрт гидранттары мен өрт крандары үнемі жұмыс қалпында тұруы керек, жылына екі рет (көктемде, күзде) су жіберуге және жұмыс істеуіне тексерілуі тиіс. Монтаж, баптау, электр құрылғыларын және электр жүйелерін пайдалану, сонымен қатар олардың техникалық жағдайына бақылау орнату электр құрылғыларын орнату ережелерімен және тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану ережелерімен сәйкес жүзеге асады.
Өрт қауіпсіздігің негізгі мақсаты – адамдардың жаппай жиналатын орындарының қызметшілерге және жекеменшіктің жауапкершілікті жағарылату.
Өкінішке орай, бизнестің кейбір өкілдері өрт қауіпсіздігіне тиісті көңіл бөлмейді. Заңға сәйкес кез келген объектіде өрт қауіпсіздігіне жауапты басшы екенін естеріңізге саламыз. Сонымен қоса басқарушылар және жекеменшіктер персоналды оқытуға қатаң қарау керек, олар өрт болған жағдайдағы іс-әрекетті білу керек.
Көп жағдайларда адамдар көп болатын объектілерде өрт шыққан кезде әрекет ету ережелері туралы адамдардың түсінігі болмайды.
Қазіргі заманғы адамдар көп жиналатын барлық объектілердің өрт жүктемесі аса жоғары және өрт шыққан жағдайда от пен жану өнімдері барлық бөлмелерге тез таралып, оларды өте жылдам толтыра отырып, өмірлік маңызды оттегін ығыстырады. Улы газдың кішкене ғана концентрациясымен дем алған жағдайда адам өліп кетуі мүмкін екенін есте сақтау қажет. Өйткені, көптеген өрттерде адамдар жоғары температура әсерінен емес, түтінмен тұншығудан өледі.
Түтінмен тұншығу – жану өнімдерінің адамның тыныс алу жүйесіне ену процесі, бұл бөлмедегі өртте адам өлімінің негізгі себебі болып табылады. Ыстық түтін тыныс алу жүйесіне еніп, тыныс алу мүшелерінің күюіне әкеледі.Улы газ, цианидтер және басқа да жану өнімдері ағзаны улап, тыныс алу жүйесінің қатты тітіркенуі мен ісінуіне себеп болады.
Адамдар көп жиналатын барлық объектілер хабарлау жүйесімен, автоматты өрт сигнализациясымен, сондай-ақ аумағына байланысты түтін жою жүйесімен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталуы керек.
Осындай объектілердің қызметкерлерінің міндеті – тез және сапалы көшіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.Ең бастысы – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға да назар аударылуы қажет. Өрт кезінде бірінші кезектегі іс-әрекеттер:
Егер сіз қауіпсіздік жүйесінен ескерту естісеңіз жақын маңдағы шығу жолына асықпай бет алуыңыз қажет, шығу жолдары көшіру жолындағы арнайы белгілермен көрсетіледі. Белгілерге мұқият қараңыз. Дүрбелеңге түспеңіз және тобырдың қауіптілігін есте сақтаңыз.Адамдардың көбісі дүрбелеңге түскен сайын, қасындағы адамдар үшін қиындықтар туындайды.
Тобырда қысылып қалсаңыз шынтақтарыңызды бүгіп, жұдырықты түйіп, денеңіздің екі жағына қысыпұстаңыз, бұл бүйірлеріңізді қысылудан сақтайды. Алдыңыздағы кеңістікті босатып,мүмкіндігіңізше баяу жылжи отырып, денеңізді артқа қарай шалқайтып, аяғыңызды алға қарай тіреңіз және итеріп жатқан қысымды арқаңызбен ұстауға тырысыңыз. Құлап жатқан адамдарға көтеріліп тұруға көмектесіңіз. Егер сіз құлап қалсаңыз, тізеңізге тұрып, еденге қолыңызбен сүйене отырып екінші аяғыңызбен тез арада тұруға тырысыңыз, денеңізді тік ұстаңыз. Балаларды арқаңызбен жауып қорғаңыз немесе иығыңызға отырғызыңыз.
Көшіру жұмыстары кезінде баспалдақпен жоғары қарай көтерілмеу керек, себебі бастапқы кезде түтін үстіңгі қабаттарға толады. Ғимараттан ашық алаңға шығу қажет, достарыңыз мен таныстарыңызды іздеу қажет емес – олармен сыртта кездесесіз.
Егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, жедел сатыны күтпеңіз, өйткені шақырту панелі жұмыс істемейді, сондықтан түтін болмайтын баспалдақтар мен басқа да көшіру кезіндегі шығу жолдарын қолданыңыз.
Егер өртті сөндіруге мүмкіндігіңіз болса (өміріңізге қауіп төндірмесе), бұл туралы басқа адамдарға дереу хабарлаңыз, жақын жердегі адамдарды көмекке шақыра отырып, қолда бар жәнеарнайы құралдарды пайдалана отырып өртті сөндіріңіз.
Бөлме түтінге толған кезде немесе жарық болмаса келесі әрекеттерді орындаңыз:
– Қабырғалардан, ұстағыштардан немесе т.б. ұстап шығу жолына бет алыңыз;
– Қол орамалы немесе киімнің жеңі арқылы дем алыңыз (егер өзіңізбен су болса, шүберекті сулаңыз);
– Балаларды өздеріңіздің алдыңызда иығынан ұстап қозғалыңыз;
– Егер түтіндеу аумағы өте төмен болса, шығып кету немесе көшіру бағытына қарай жер бауырлап қозғалыңыз.
Маңызды: Егер көшіру жолдары жабылып қалса, құтқарушылар сізді байқап, көшіру үшін шатырға шығуға немесе терезеге жақындауға тырысыңыз.Үлкен биіктікте терезеден секіру туралы ойға бой бермеңіз. Егер сыртқа шығу мүмкін болмаса, өрт шарпылмаған бөлмеге шегініңіз, сонда өрт сөндірушілердің көмегін күтіңіз.
Есте сақтаңыз: улы жану өнімдерінің таралу жылдамдығы өте жоғары.
Егер сіз қауіпсіз аймаққа шықсаңыз, онда өртке қарсы қызметіне 101, 112 нөміріне қоңырау шалып қосымша ақпарат беріңіз.
Көшіру және шығу жолдары.
Кез-келген адамдар жаппай болатын объектілерге барған кезде қажет болған жағдайда өзіңіз үшін пайдалануға болатын шығу жолдарын белгілеп алыңыз. Егер сіз ғимаратта бірінші рет болсаңыз, онда бұған ерекше назар аудару керек!Көшіру жоспарын қызметкерлерден сұрауға қымсынбаңыз. Балаларды қолдарынан ұстаңыз.
Көп жағдайларда адамдар өрт туралы дыбыстық ескертуді ести тұра, нақты қауіпті көрмегендіктен бұны елемейді және өз істерін немесе ғимарат ішіндегі басқа әрекеттерін жалғастыра береді.Бұл сіздің өміріңізге қатер төндіретін үлкен қателік.Бәрін дереу қалдырып, ғимараттан шығу керек.Ешқандай маңызды іс сіздің өміріңізден қымбат емес.
Ал, хабарландыру жалған болған жағдайда да, сіз енді қалай және қайда баруды білесіз.
«Өрт» деген хабарды естіген бойда тыныштық сақтап, ұстамдылық танытыңыз, қасыңызда тұрған адамдарды, әсіресе әйелдерді соған шақырыңыз. Жағдайды бағалаңыз, нақты қауіптің бар екендігіне көз жеткізіңіз (мүмкін бұл хабарламамен біреулер адамдардың назарын аударғысы келетін шығар).
Орныңызда тұрып, айналаңызды мұқият қарап шығыңыз, телефонды немесе өрт сигнализациясының батырмасын көрген бойда өртке қарсы қызметке өрт туралы хабарлаңыз (сіздің орныңызға мұны басқа біреу жасайды деп ойламаңыз), ең жақын шығу жолдарына асықпай бет алыңыз.
Кез-келген жағдайда сабырлық сақтап, басқаларды тыныштандырып, үрей тудыруға жол бермеңіз.Адамдарды құтқару бойынша басшылықты өз қолыңызға алыңыз! Тобырдың арасында жылжи отырып балаларды, әйелдерді және қарт адамдарды алға шығарыңыз, қорыққаннан есі шыққан адамдарды бірлесіп тоқтатыңыз. Қорқыныштан бөгеліп қалған, қозғала алмайтындарға көмектесеңіз. Есін жидырту үшін, олардың бетінен шапалақпен ұрыңыз, қолдарынан ұстап асықпай және түсінікті сөйлесіңіз.
Түтіндеу немесе жану анықталған жағдайда бұл туралы 101 немесе 112 өрт күзетін шақыру нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.