Бірқатар шетелдік ақпарат құралдары соңғы уақыттарда АҚШ президенті Дональд Трамптың денсаулығы кенеттен сыр беріп, бірнеше рет нисульт алғаны туралы ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат порталы.
Қамшы порталының жазуынша, The Independent басылымы АҚШ президенті жүріп бара жатып екі рет сүрінгенін хабарлаған.
Сол секілді британиялық басылымдардың бірі «Вице-президент Майк Пенстің республикашылдар тарапынан номинациясын қабылдау туралы бейсенбі күнгі Балтиморда сөйлеген сөзінен кейін Трамп бір рет жығылып қала жаздаған. Содан кейін жұма күні кешке Нью-Гэмпширдегі әуежай кампаниясының жиналысы кезінде баспалдақпен көтерілгенде сүрінген» деп жазған.
Ал, Нью-Йорк Таймс газетінің тілшісі Майкл Шмидттің Трамп туралы жаңа кітабында президенттің 2019 жылдың қараша айында Вальтер Рид ұлттық әскери госпиталіне күтпеген сапары туралы жазған. Онда Трамп госпиталде жансыздандыруды қажет ететін процедурадан өтуі керек болса, вице-президент Майк Пенс президенттік өкілеттіктерді уақытша алу мүмкіндігі жазылған.
Алайда Ақ үй Трамптың инсульт алғаны туралы ақпараттарды жоққа шығарған. Ұзамай президент Дональд Трамптың өзі Twitter парақшасында денсаулығының мықты екенін мәлімдеген.
«Бұл ешқашан бітпейді! Енді олар сіздің сүйікті Президентіңіз мені «Уолтер Ридтің медициналық орталығына барып, бірнеше рет мини инсульт алды» деп айтуға тырысуда. Бұл ешқашан болған емес – жалған жаңалықтар. Мүмкін олар басқа партияның басқа үміткері туралы айтып жатқан шығар!»,– деп жазған Трамп сейсенбі күні таңертең Twitter парақшасына.
Тағы бір айта кетерлігі, Билл Клинтонның бұрынғы көмекшісі Джо Локхарт Трамп инсульт алғанын сайлаушылардан жасырып жүргенін айтқан.