Әлем жаңалықтары Соңғы жаңалықтар

Мұғаліміне у берген мектеп түлектерінің әрекеті жұртты шошытты

Ашғабадта екі мектеп түлегі мұғаліміне қастандық жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта Багтыярлык ауданының полиция басқармасы оқиғаны тексеріп жатыр деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Шетел басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, екі мектеп түлегі ұстазының тамағына ыдыс жуатын сұйық сабын қосып жіберген. Оқиға 15 маусым күні оқу орнын бітірушілерге арналған емтихан кезінде болған.

«Оқушылар азық-түлік пен Кока-Кола алып келуді бұйырған мұғалімді осылай жазалағысы келген», – делінген хабарламада.

Мектеп қызметкерлері бұл жағдайды растап отыр. Олардың сөзінше, емтиханнан кейін жайылған дастарханда тамақ ішіп отырған мұғалімнің жағдайы күрт нашарлаған. Оны бірден жедел-жәрдем алып кетті, дейді оқытушылар. Осыдан кейін мектеп басшылығының тәртіп сақшыларын шақырғаны белгілі болды.

«Оқушылардың бәрі сынып жетекшісіне азық-түлік сатып алу үшін ақша жинаған. Екі ер бала ақшаны алып, дүкенге кеткен. Қазір осы екеуі күдікке ілінген. Біреуін емтиханнан шыққан соң, әскерге алып кеткен» делінген хабарламада.

Сонымен қатар шетелдік БАҚ аталған мектепте жемқорлық жағдай орын алғанын хабардар етті. Бұл жайында мектеп бітірушілердің бірінің ата-анасы айтқан.

«21 маусым кешке мектеп бітірушілерге орта мектепті бітіргені жөніндегі куәлік табыс етті. Оған арнайы салтанатты шара ұйымдастырылды. Шығынның бәрін мектеп түлектері көтерген. Ақша төлей алмағандарды ол шараға шақырмаған. Келесі күні мектептен келіп, куәліктерін алып кеткен», – дейді ата-аналардың бірі.

Қатысты жаңалықтар

Ауғанстан құрамасының футболшысы ұшақ доңғалағына жабысып, қайтыс болды (видео)

azatmedia

Дәмханаға барған астаналық 90 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

azatmedia

ДІНИ ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

azatmedia