Әлеуметтік желіде таралған видеода Беларусь президенті Александр Лукашенко жиналып тұрған жұртқа келіп, ұялы телефонмен түсіріп тұрған азаматқа дөрекілік танытты, деп хабарлайды Azatmedia.kz.
«Уайымдамаңыз, мен сізді ұрып-соқпаймын! Егерде арандатушылыққа баратын болсаңыз, қатаң түрде сізбен айналысамын. Сіздер көпсіздер мен жалғызбын. Ұялы телефоныңды түсір», деп айғайға салды Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Еске сала кетейік, 1994 жылдан бері мемлекет басшысы лауазымын атқарып келе жатқан және қазір алтыншы мерзімге сайланған Александр Лукашенконың саяси тұғырнамасын қолдап, жақтаушылардың қатары артып отырғаны байқалады. Бүгінде 65 жастағы Александр Григорьевич бүгінде Еуропа аумағында билікте ең ұзақ уақыт отырған жалғыз президент.