Қоғам

Мектеп директоры орынбасарын ұрып өлтірді

Директор

Павлодар облысында спорт мектебінің директоры орынбасарын өлімші етіп сабаған, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Ауыр соққыдан ол ауруханада көз жұмды. Оқиға Шарбақты ауданында болған. Отбасылық мерекеде бас қосқан директор мен орынбасар өзара сөзге келіп қалып, ақыры бастығы қызметкерін соққыға жығыпты. Ауруханада ол бір апта жатып, жарақатының ауырлығынан қаза болды. Жанжалдың нақты неден туғаны белгісіз. Келтірілген деректерге қарағанда, шенеуніктің екеуі де спорт шеберлері. Бұл ақпаратты Шарбақты ауданы басшылығы растады.

«Енді осындай жағдай болып қалды. Жұмыстан тыс уақытта болған кез. Түнгі уақытта болған. Спорт мектебінің жағалауында болған емес мына жағдай. Білмеймін. Өзімізде шокта болып жүрміз ғой. Не себептен олай бір-бірімен төбелескен пока айта алмаймын. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан кейін бәрі анықталады», – Шарбақты аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақыт Смаков.

Қатысты жаңалықтар

Азаматтық қоғам: ауызбіршілікті қолдаған елдің ертеңі жарқын болар

azatmedia

САЙРАМДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОПТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру