28 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды деп хабарлайды Azatmedia.kz
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 233 мың өтінімнің ішінде:
– 822,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 554,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 287,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 569,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 822,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 170,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 241 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады.