Ақпарат

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ РӨЛІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін «AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының мәжіліс залында онлайн режимде «Қазақстан Республикасында гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі Конституцияның рөлі» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға «AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева және филиал жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының әйел басшылары қатысты.Конституция қарсаңында өткізілген семинар ҚР Конституциясының ең басты қағидаттары негізінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету маңыздылығын түсіндіруге бағытталған. Семинарға қатысушыларға дәріс оқыған тренер Назигүл Ғазизова ҚР Конституциясына негізделіп, гендерлік мәселелерге қатысты қабылданған нормативтік құқықтық актілерге тоқталды. Гендерлік саясатты іске асыруда мемлекеттің рөлі ерекше екенін атап өтті. Тренер Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде Конституцияның рөлін аша отырып, гендерлік саясатты жүзеге асыруда бастауыш партия ұйымдарының әйел басшыларының құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігіне назар аударды.Дәріс барысында басшы әйелдерді гендерлік саясатты жүзеге асырудағы белсенді қызметке даярлау аясында ҚР Конституциясының гендерлік теңдік туралы негізгі қағидаттарын зерделеп, еліміздегі гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі Конституцияның рөлін түсіндірді. «Конституциямыздағы бір ғана тармақ үлкен мағына береді. Заңның тілі өте қиын, оны түсіну керек, түсіну үшін білу қажет. Демек, құқықтық сауаттылық маңызды. Біз өзімізге «Ата заңымызды қаншалықты білемін?» және «Конституция тармақтарын қаншалықты орындап жүрмін?» деп сұрақ қоюымыз керек. Ата Заңның әрбір тармағына ілтипат таныта отырып, онымен мақтануға тиіспіз»,-деп атап өтті Конституцияның әрбір бабына тоқталған тренер Назигүл Слямболқызы. Сонымен қатар, партияның қолдауымен бірқатар ұйымдардың, әйелдер қанатаның қыруар жұмыс атқарып жатқанын тілге тиек етіп, соған қарамастан елімізде гендердік теңдік мәселесінде әлі де өзекті жәйттердің бар екенін жеткізді.Семинар отырысында ҚР Конституциясының негізгі қағидаттарына шолу жасалып, гендерлік теңдікті реттеу, гендердік теңдіктің стратегиясы және теңдік проблемалары сөз болды. Аталған семинар қортындысында басшы әйелдердің құқықтық мәдениеті артып, олардың ҚР Конституциясының негізгі қағидаттарын және оны жүзеге асыру дағдыларын меңгеруге, гендерлік теңдікке қол жеткізу кезінде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді жүзеге асыруға едәуір үлес қосады деген сенім бар. 

Қатысты жаңалықтар

УАҚЫТША МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР ҚҰРЫЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАННАН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 200 ТОННАҒА ЖУЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

azatmedia

МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia