Ақпарат

Қазығұрттағы селдің салдары толықтай жойылған

ТАсқын

Еске сала кетсек 13 мамыр күні Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округінде толассыз жауған жауынның салдарынан сел орын алған еді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Су апатының салдарынан 2 тұрғын үй, 2 қора, 2 көпір жарамсыз қалыпқа түсіп, 32 үйдің ауласына су кірген болатын.

Осы орайда аудан, ауыл әкімшілігі, аудан азаматтары есебінен қаржы бөлініп, ауыл азаматтарының күшімен селдің салдары толықтай жойылған. Атап айтсақ, 2 үй мен екі қораға 10 тонна цемент, 10 мың шлакоблок, жеткілікті мөлшерде шағал, есік-терезе мен құрылыс материалдары жеткізілген. Сонымен қатар, екі көпірге де қажетті жабдықтар демеушілер тарапынан алынып, қалпына келтірілген.

Одан бөлек, 12 шақырымдық Қызылкемер каналы толықтай тазаланып, су бұзған жерлері жөнделген. Оған қоса, барлық арық, атыздар тазаланып, Диқан елді мекенінде 2 шақырымдық қашыртқы каналы қазылған. Сонымен қатар, селден зардап шеккен 35 отбасыға жалпы құны 875 мың теңгені құрайтын материалдық көмектер көрсетілген. Бұл қаржы да демеушілер мен ауыл азаматтары тарапынан бөлінген. Және бүлінген аумақтың барлығы қалыпқа келтірілген.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АТҚАРЫЛҒАН 9 АЙЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ САРАЛАНДЫ

azatmedia

Патерналистік жүйе

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРГЕН АРДАГЕРГЕ СЫЙЛЫҚ БЕРДІ

azatmedia

Пікір қалдыру