Қоғам

«МАҚСАТЫМ – ҚАЗАҚ ҚОБЫЗЫНЫҢ ҚҰДІРЕТТІ ҮНІН ӘЛЕМ ЖҰРТЫНА ПАШ ЕТУ» – ДИАНА ФАХРУДИНОВА

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өтетін этножурналистика саласында «ШАҢЫРАҚ» шығармашылық байқауы жарияланды.

Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен барлық өңірлерде ел бірлігін сақтау жолында, ауызбіршілікті одан әрі дамыту ниетінде кеңінен қалам тербеп жүрген ақпарат құралдарының өкілдері арасында дәстүрлі түрде шығармашылық байқаулар өткізіліп келеді.

Байқаудың мақсаты – еліміздегі қоғамдық келісім және бірлік, этносаралық қатынастарды нығайту тақырыбында материалдар жариялап жүрген журналистерді ынталандыру және отандық этножурналистиканың дамуына ықпал ету.

Қобыз – қазақтың ең көне аспаптарының бірі. Халық арасындағы аңыздарға жүгінсек, VIII-IX ғасырларда бұл аспапты Қорқыт жасап, алғаш өзі күй тартқан екен. Скрипканың арғы атасы – қазақтың қара қобызы екенін әлем музыканттары мойындап та, дәлелдеп те үлгерді.Ел аузында «Қобыз өнері – әулетіңе қонған бақ» деген сөз тіркесі қалған. Тіпті бұрынғы шығыс ғұламалары «Қобыздың әуен ырғағы мен жүректің тербелісі үндессе, шипа іздеген жанға ем қонады» – деген екен.

Құдіретті үні бар музыкалық аспапты меңгеріп, оның әуезді сазын жүрекпен жеткізу екінің біріне бұйырмаған бақыт. Жан сарайыңды ақтарып, іштегі шерді тарқататын қобыздың орны тіптен бөлек. Осындай құдіретті аспапты серік етіп, оны үйренуге барын салып жүрген жандардың арасында Төлеби ауданы, Сұлтанрабат ауылының тұрғыны Диана Фахрудинова да бар. Өнерлі ару бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы «Саз» колледжінде 2-курста оқиды.

Қазіргі кезде Диана прима қобызбен Абай әндерінен попурриді, «Қарлығаш» халық әнінің әуенін, басқа да музыкалық шығармаларды орындай алады. Диана біраз жетістіктерге жеткен. Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай өткен «Жас талант» атты байқауда және республикалық «Елім дегендер» байқауында бірінші орынды жеңіп алса, «Қазақтану» жобасы аясында этнос өкілдерінің қатысуымен өткізілген «Ұлт үні» байқауында арнайы номинация иегері атанды. Сонымен қатар жас музыканттардың аудандық, облыстық байқауларында да жүлделі орындардан көрінуде.

Ол болашақта музыкалық білім алуды жалғастырғысы келетінін айтады. Диана музыка пәнін ғана емес, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, басқа пәндерді де қызыға оқиды. Өзбек, орыс тілдерін айтпағанда, мемлекеттік тілді де жақсы біледі. Ағылшын тілі пәнінен де білімі жақсы. Жалпы, ол үлгілі, келешегінен зор үміт күттіретін шәкірт.

Диананың қобызды үйрене берсем деген талпынысын ата-анасы да қолдап отыр. Халқымыздың ұлттық музыкалық аспабын ұнатқан қыздың анасы Хуршида Кадирова Ленгір қаласындағы №8 колледжде ағылшын тілі пәнінен сабақ береді. Бұл колледжде Диананың әкесі де жұмыс істейді. Ол – өндірістік оқыту шебері.

Диананың алға қойған мақсаты – консерваторияға түсіп, білімін жетілдіру, қазақ қобызының құдіретті үнін әлем жұртына паш ету. 

Қатысты жаңалықтар

Тараздық емші өкпе, бауыр, асқазан обырына/рак/ шалдыққандарды емдеуде

azatmedia

МАСЫЛДЫҚ МЕНТАЛИТЕТ АДАМНЫҢ ӨЗІНЕН

azatmedia

Ұлт саулығына, болашағына үлкен қауіп

azatmedia