Берлиннің оңтүстік бөлігіндегі арнайы белгіленген аумаққа көліксіз қала салынады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz Welt сайтына сілтеме жасап.
Жоба – Buckower Felder деп аталады. Қала толықтай экологиялық талаптарға сай болады. Басты ерекшелігі – онда көліктер мүлде болмайды. Аумаққа 40 көпқабатты үй тұрғызылады. Сонымен қатар ағаштар отырғызылып, ауаға ең аз мөлшерде көмірқышқыл газын бөлетін жылу жүйесімен жабдықталады. Тұрғындар қала ішіндегі қозғалыс үшін велосипедтерді пайдалана алады. Ал көліктерді қала сыртынан салынатын арнайы автотұраққа қоюға болады. Көрініс 1970 жылдардағы қалалық кварталдарды еске салмақ.
Buckower Felder-дің ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, жоба құрылысын бастау 2021 жылға жоспарланған. Жалпы құрылыс жұмыстарына 3 жылға жуық уақыт кетеді. 2024 жылы қалада жалға беру құны шаршы метріне 6,5 евродан басталатын 900 пәтердің құрылысы аяқталады.