Соңғы жаңалықтар

РЕЙТИНГ-2020: Әлемдегі ең бай 10 спортшы

Топ 10

Azatmedia.kz. Танымал спортшылардың табысы бизнес өкілдерінен әсте кем емес. Әдетте табысты спортшылардың дені – футбол, баскетбол, бокс және гольф сынды спорт түрлерінің жұлдыздары. Осы орайда, topovik.com сайты 2020 жылдың ең табысты 10 спортшысының тізімін жариялады. Аталған рейтинг спортшылардың өз карьерасы мен оны тәмамдағаннан кейін жиған дәулетіне орай жасалған.

10. Дэвид Бэкхэм

ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 750 миллион доллар

Спорт түрі – футбол

Спорттық мансабын аяқтаған Дэвид Бэкхэм киім мен аксессуарларды сату бойынша өзінің отбасылық бизнесін белсенді жүргізуде. Бұрынғы футболшының танымал болуына қарамастан, бұл бизнестің табысынан гөрі шығыны артып барады.

Дэвидтің қосымша пайда көзі – сәтті жобаларға салынған инвестициялар, сонымен қатар Beckham брендімен шығарылатын виски сортын өндіретін зауытпен жасалған келісімшарт.

9. Коби Брайант

ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 780 миллион доллар

Спорт түрі – баскетбол

Бұл аңызға айналған спортшы тарихтағы ең ұлы 10 баскетболшының қатарына кіреді. NBA мәліметінше, Коби 20 жылда барлығы 1346 матч ойнаған.

2020 жылы спортшы қызы және өзге де жолаушылармен бірге ұшақ апатынан қайтыс болды.

Баскетбол аңызы қайтыс болғаннан кейін, Коби Брайанттың қолтаңбасы бар Nike брендінің барлық тауарлары бірнеше күнде сатылып кеткен.

Коби Брайант спорттық мансабынан бөлек білікті инвестор және бизнесмен ретінде де танылды. Ол өзінің Kobe Inc компаниясын дамытты. Сонымен қатар әртүрлі жобаларға қатысып, тіпті өзінің қысқа метражды фильмі үшін Оскар алды.

8. Фи Микельсон

ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 800 миллион доллар

Спорт түрі – гольф

Спорттағы жоғары бәсекелестікке қарамастан, Фил көтеріліп, үздіктер арасынан орын алды. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін оған қаржыны инвестиция салған немесе сатып алған компаниялары әкелді.

7. Леброн Джеймс

ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 850 миллион доллар

Спорт түрі – баскетбол

«Лос-Анджелес Лейкерс» шабуылшысы арманы 1 миллиард доллар табу екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Оның кірісінің көп бөлігі жалақыдан емес, түрлі жарнамалық келісімшарттардан түседі.

6. Флойд Мейвезер

ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 950 миллион доллар

Спорт түрі – бокс

The Ring журналы жасаған рейтингке сәйкес Мейвезер үздік боксшы деп танылған. Атақты спортшының Конор Макгрегормен жекпе-жегі 300 миллион доллар пайда әкелген. Оның кірісі негізінен Mayweather Promotions компаниясы арқылы келеді.

5. Криштиану Роналду

ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 1 миллиард доллар

Спорт түрі – футбол

2020 жылы Роналду ең алғашқы миллиардер футболшы атанды. Сонымен қатар, ол – футбол тарихындағы жалғыз миллиардер футболшы.

Криштиану Nike-пен жылына шамамен 30 миллион доллар табыс әкелетін үлкен жарнамалық келісімшартқа отырған. Бұдан бөлек, өзінің CR7 киім маркасын шығарады, сонымен қатар инвестор ретінде кейбір жобаларға қатысады.

4. Арнольд Палмер

ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 1,4 миллиард доллар

Спорт түрі – гольф

Атақты гольфшы 2016 жылы 87 жасында қайтыс болды. Ол талантты спортшы ғана емес, сонымен бірге өте іскер адам ретінде де танылды. Қазіргі уақытта Arnold Palmer брендімен спорттық киімдер шығарылады.

3. Джек Никлаус

ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 1,5 миллиард доллар

Спорт түрі – гольф

Гольфшы Джек Никлаустың спорттық мансабын аяқтағанына біраз болды. Қазіргі уақытта оның дәулеті 1,6 миллиард долларға бағалануда. Ол қазір бизнеспен айналысады. Түрлі салаларды қамтыған кәсібі жыл сайын жақсы табыс әкелуде.

2. Тайгер Вудс

ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 1,6 миллиард доллар

Спорт түрі – гольф

Тайгер Вудстың спорттық мансабы кезіндегі тапқан жалпы табысы 1 млрд долларды құрады. Гольфшы спорт тарихына ең ірі 15 халықаралық жарыстың жеңімпазы ретінде кірді. Қазір оған жарнамалық келісімшарттар ұсынатын компаниялар өте көп.

  1. Майкл Джордан
ТОП-10 самых богатых спортсменов мира: рейтинг 2020 года!

Дәулеті – 1,9 миллиард доллар

Спорт түрі – баскетбол

Баскетбол символы саналатын спортшының дәулеті 1,9 млрд долларды құрайды. Сонымен қатар, ең бай афроамерикалықтардың ішінде 3-орында тұр. Оның негізгі табысы АҚШ-тағы баскетбол аяқкиімдерінің 65 пайызын шығаратын Jordan Brand компаниясының активтері арқылы келеді. Оның көлемі – жылына 60-100 миллион доллар.

Қатысты жаңалықтар

«Кісі өлтірген, пара алған» – Павлодардың білім саласында у-шу болып жатыр

azatmedia

АКИМ ГОРОДА В РЕЖИМЕ ОНЛАЙН ПРОВЕЛ ПРИЕМ ГРАЖДАН

azatmedia

Жастардың деструктивті ағымдар идеологиясына қарсы иммунитеті

azatmedia

Пікір қалдыру