Ақпарат

Тойдан кейін күйеу бала қайтыс болып, 100-ден аса адамнан COVID-19 анықталған

Коронавирус

Үндістанның шығысында үйлену тойына барған 100 адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Azatmedia.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үндістанның жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиға маусымның ортасында болған. Күйеу баланың дене қызуы көтерілген, сондықтан ол тойды кейінгі қалдыра тұрады сұраған. Алайда туыстары салт-дәстүрді сақтау керегін айтқан. Тойдан кейін екі күннен соң күйеу бала ауруханаға барар жолда қайтыс болған.

Тойға барған туыстарының бірінің айтуынша, күйеу бала тойға бір ай қалғанда басқа бір қалаға барып қайтқан. Өзін жақсы сезінген.

Жергілікті билік өкілдері осы жағдайды білген соң тойда болған қонақтардың барлығын тексерген. 400 қонақтың 113-інен коронавирус анықталған. Енді олар қазір карантин орталықтарында оқшауланды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МОБИЛЬДІ ТОПТАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру