Ақпарат

Бахрейнде секс құлдықта болған алматылық қыз ағынан жарылды

Бахрейн

Бахрейнде сексуалдық құлдықтан босатылған қазақстандық қыз өзінің бұл елге қалай тап болғанын, сондай-ақ басынан өткен небір сұмдықты айтып берді, деп хабарлайды Azatmedia.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Диана (аты-жөні өзгертілген) Алматыда бармен болып жұмыс істегенін, ол кезде небәрі 18 жаста болғанын айтады. Бір күні бір құрбысы оған осындай жұмыспен Бахрейнде де жақсы ақша табуға болатынын, қаласа көмектесе алатынын айтқан. Төлқұжатын туралап, тіпті билетіне ақша да тауып берген. Алайда, Бахрейнге келген кезде, қонақ үйде Диананы бір ер адам күтіп алып, оған қандай жағдайға тап болғанын бірден түсіндірген.

Ол менің кім екенімді білетінін айтты. Олар менің аты-жөнімді, ата-анам тұратын мекенжайды, есімдерін – бәрін атады. Егер мен қашып кетсем немесе өзіммен бірдеңе жасасам, олар жақынарына қиын болады деп қорқытты. Мен басында не болып жатқанын, бұл кісінің кім екенін түсінбедім. Маған ол адамның жеңгетай екенін, ал мені осында шығарып салған құрбым мені сатып жібергенін түсіндірді, – дейді Диана.

Қыздың құжаттары мен төлқұжаты тартып алынып, жоспар орындалмаса үнемі жазалауға уәде берілген. Онымен бірге қонақ үйге Украина, Ресей және Германиядан тағы сегіз қыз осындай алдап-арбау жолымен жеткізілген. Құлдықтың алғашқы күнінде жаңадан түскен қыздардың ұйқысын қандыруға рұқсат берілген, ал кешке олар аукционға шығарылған.

Күніне 20 адамға қызмет көрсету керек болатын. Жұмыс күндізгі үште басталып, таңғы тоғызда ұйықтауға жататынбыз. Кейде мүлдем ұйықтамайтынбыз, өйткені бізді клиенттерге қарай бейімдеп қоя беретін. Қыздар тек қонақүйдің ішінде жүреді, сыртқа шығуға мүлде тыйым салынған, өйткені әрқайсысына күзет қойылған, – дейді бойжеткен.

Бахрейнге келгеннен кейін қыз ағылшын және араб тілдерін үйреніп алыпты. Бірақ ол клиенттерінен көмек сұрауға тырыспапты, өйткені олардың арасында бастығының немесе Папа деп аталатын көшбасшыларының тыңшылары болуы мүмкін екен. Тіпті, қыздар клиентінен ұсақ-түйек, мысалы темекі сұраса да жазаланатын болыпты.

Сондай-ақ есірткіге, алкогольге, тіпті кальян тұтынуға тыйым салынған. Ол саусақтарыңызды кесіп тастаймын немесе менің барлық татуировкаларымды күйдіремін деп қорқытты. Егер клиент бізді бір тәулікке немесе алты сағатқа жалға алса, алкоголь тұтынуға рұқсат берілген. Қыздар, міндетті түрде сақтанатын (жүктіліктен, жұқпалы аурулардан). Бұл міндетті шарт болды. Ал сақтана алмағандарды қатты жазалайтын, – дейді Диана.

Қыздарға отбасымен сөйлесуге тыйым салынбаған, бірақ бәрі бақылауда болатын. Сондықтан Диананың отбасы оны Бахрейнде бармен болып жұмыс істейді деп ойлады. Оның 16 жасынан бастап өзі ақша тауып, еркін жүріп үйреніп қалғанын ескерген олар шетелдегі қызы үшін қатты алаңдамай қоймаған. ерекше алаңдамады.

Бір күні бізге басқа бір қонақ үйден бір қызды алып келді. Нашар жұмыс істегендіктен оны үнемі ұрып-соғатын және үнемі Папаға жіберілетін. Осындай күндердің бірінде ол Пападан денесі күйген күйінде мең-зең болып шығады. Содан кейін ол шелекті алып, киім-кешектерін бүктеп, үстін сүлгімен орап, басқа бөлмені жинауға кеткен секілді шығып кетеді, ал өзінің орнына балалар үйінде өскен әпкесін қойып кетеді. Осылайша ол киімін ауыстырып, қашып кетті, – деп еске алады өткен күнін Диана.

Қыз қашқан соң қалғандарын басқа қонақ үйге ауыстырады. Жеңгетайлар полицияның келуін күтеді, бірақ олар келмеген. Біраз уақыт өткеннен кейін қашып кеткен қыз қайта оралып, достарына сәл күте тұруларын ескерткен. Расында, көп ұзамай қонақ үйді арнайы қызметтің адамдардың қоршап, қыздармен қоса ондағы адамдардың барлығын түрмеге жапқан. Өзін «менеджер» деп таныстырған Татьяна полицияға Папа мен өзі туралы тіс жарып айтпауды, кейін қыздарды түрмеден алып шығатынын айтып үлгерген. Әрине, ол қашып кеткен. Сондықтан жауап алудың алғашқы екі күнінде Диана жеңгетай мен менеджер туралы тіс жарып ештеңе айтпауды ұйғарады, сол кезде тергеуші оған бір видеоны көрсеткен.

Бас тергеуші Мәриям апай көрсеткен видеода Татьяна мен Папа барлық ақшаны қалай жинап, қашуды жоспарлап жатқандары көрсетілген. Мен шошып кеттім. Мәриямға Папа біздің бастығымыз екенін, бізді қамшымен ұрып, көмірмен күйдіргенін айттым. Ол бір қыздың мұрны мен жыныс мүшелерін күйдірген, – деді Диана.

Көп ұзамай ол басқа отандастарымен бірге Қазақстанға оралды. Алайда, түнгі қорқыныштары көрген түстей артта қалғанымен, Дианаға толық оңалуы үшін әлі ұзақ психологиялық сауықтыру емі қажет.

Қатысты жаңалықтар

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДА МАҒЫНАЛЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

azatmedia

Мектепте оқитын оқушыларға қойылар талап қатаң

azatmedia

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

azatmedia

Пікір қалдыру