Ақпарат

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» – СОЗАҚ АУДАНЫНДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, «АMANAT» партиясына үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасын кеңейтуді тапсырғаны белгілі. Өткен жылдан бері қаржылық сауаттылықты арттыру сабақтары барлық өңірде өтіп жатыр.«Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы қаржы сарапшыларының қатысуымен Созақ ауданында да іске асырылуда. Ауыл тұрғындарына дәріс оқып жүрген сарапшы Шалқар Айхожаев өз отбасының бюджетін оңтайландыру бойынша бірқатар тақырыптарға тоқталды. «Тиімді несие алу мен депозиттер ашуды үйрену», «Банкроттыққа тапсырудың критерилері», «Қайтарымсыз мемлекеттік грант» және «Ауыл аманаты» жеңілдетілген несие бағдарламасы туралы» сынды ауыл тұрғындары үшін маңызды, қажетті тақырыптар бойынша мағлұмат берді. Сондай-ақ, сабақ барысында ауыл тұрғындарына алаяқтарға алданбау және қаржы пирамидаларының құрсауына түспеу жолдарын кеңінен түсіндіріп, ақпараттар берді.Созақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Маманов қаржылық сауаттылығын арттырған бірқатар азаматтарға сертификат табыс етіп, білім беру жобасына қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, бүгінге дейін жоба аясында 704 адам қатысып, сертификат алған. 

Қатысты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

azatmedia

azatmedia