Алматы облысында 21 жастағы қызды аяусыз өлтірген күдікті ұсталды. Сайора Исламованың денесі Өрнек ауылының артындағы алаңнан табылды. Күдікті сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Ол қазірдің өзінде қылмысын мойындап, қызға себепсіз шабуыл жасағанын айтты, деп хабарлайды Azatmedia.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
20 тамызда Алматы облысының Өрнек ауылында төтенше жағдай орын алды. 21 жастағы қыздың денесі ауылдың жанында далада өлі күйінде табылды. Бұл қылмыстық істің материалдарына сәйкес, жәбірленушіні алдымен қылқындырып, содан кейін суға батырып өлтірген. Бірнеше сағаттан кейін қылмыскер қылмыс орнына қайта оралып, іздерін жасыру үшін жәбірленушінің жансыз денесін өртеп жіберген. Қылмыстың құрбаны алматылық Сайора Исламова болды. Ол ауылға жұмыс бабымен келген. Жұбайымен бірге олар жергілікті ауыл шаруашылығы учаскелерінде жұмыс істеген. Қайғылы оқиға күні марқұм сол жаққа бара жатқан. Қылмысқа күдікті ретінде 28-жастағы Өрнек ауылы тұрғыны ұсталды. Кінәсін мойындаған кезде күдіктінің беті бүлк етпеді.
«Ол суға батып бара жатты, ал мен оны ары қарай суға батырдым. Оның денесін босату, босатпаудың мағынасы жоқ екенін ойлаған соң, менде қорқыныш болды. Үстіне құлап қалдым, содан кейін мойнынан қылқындырып ұстап тұра бердім», – дейді күдіктінің өзі.
Ұсталған адам еш жерде жұмыс істемеді, – дейді ауылдастары. Елордаға жиі жұмысқа барып жүрген, бірақ бір-екі аптадан кейін ауылына қайта оралатын. Кейде жергілікті тұрғындарға қатыгездік танытып жүрген. Жергілікті тұрғындар күдіктінің ұрыс-керіске бейім екенін айтады. Айтуларынша, соңғы уақыттары ол қалаға жиі кетіп жүрген, бірақ бірден тез оралатын. Онымен қоса, ауылдастарымен жиі кикілжіңге түсетін көрінеді. Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы, бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрімен тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігіне сәйкес адам өлтіру фактісі бойынша тергеліп жатқанын айтады.
«Қылмыскерге мұндай жаза өте жұмсақ», – дейді қоғам белсендісі Марианна Гурина.
«Егер ол сау болса және бұл қылмысты жасаса, онда жазаны қатайту керек. Мүмкін, мұндай жаза өмір бойына тағайындалу керек шығар. Ол біраз уақыттан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын шығуы мүмкін. Ол адамдар арасында өмір сүрмеуі керек», – дейді ол.
Қылмыстың басқа да мән-жайларын қазір полицейлер анықтап жатыр. Сондай-ақ, ұсталған адамның психикалық бұзылыстары бар-жоғы белгісіз. Марқұмның туғандары қандай да бір пікірден бас тартты. Оның артынан 2 жастағы ұлы қалған.