Соңғы жаңалықтар

Еуропада коронавирус пандемиясы қайта өршіді

Дезинфекция

Италияда бір тәулікте 1 мыңнан аса коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл – карантин шаралары алынғаннан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Мұндай статистика Италияда соңғы рет мамырда тіркелген.

Сарапшылардың пікірінше, оған демалыс маусымы себеп. Өйткені демалушылар жаз айларында алдын алу шараларына көңіл бөлмейді: жағажайда көпшілігі маска тағу тәртібін сақтамайды, дәмхана мен мейрамханалардағы жағдай да осындай. Сондай-ақ Италия билігі инфекцияға шалдыққандардың орташа жасы 60-тан 30-ға дейін төмендегенін байқаған.

Ұлыбританиядағы ахуал да мәз емес: тәулігіне 1200 адам вирус жұқтырған. Манчестер маңындағы қалаларда ерекше санитария тәртібі енгізілді, ол жерде COVID-19-дың жаңа ошағы анықталған. Жергілікті тұрғындарға 20 адамнан асатын іс-шараларға қатысуға тыйым салынған, сонымен қатар қоғамдық көлікке мүмкіндігінше мінбеу ұсынылады.

Германияда қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыруға рұқсат етілген, бірақ алдын алу шараларын қатаң сақтау міндеттеледі.

Дегенмен, күзгі фестивальдердің өту-өтпеуі белгісіз болып тұр, өйткені Еуропа елдері секілді ГФР-да да COVID-19 індеті өршіп барады



Қатысты жаңалықтар

Карантин талаптары қай деңгейде бақыланып отыр?

azatmedia

Грант 2021: МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

azatmedia

Түркістан Токиодағы олимпиадаға дайын

azatmedia

Пікір қалдыру