Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде каналдар мен қашыртқылар механикалық тазалаудан өткізілді, деп хабарлайды Azatmedia.kz.
Біртілек ауылдық округінен өтетін каналдардан ауылдық округке жылына 40 миллион текше метр су келеді, Жалпы каналдардың жалпы ұзындығы 61,9 шақырым болса, ал қашыртқылардың ұзындығы 74,9 шақырымды құрайды.
Біртілек ауылдық округі 2020 жылы екі каналды, төрт қашыртқыны механикалық тазалаудан өткізді.
Атап айтатын болсақ, Сарыүйсін каналының 12 шақырым жері 7,9 миллион теңгеге тазаланса, Шошым каналының 11,5 шақырым жері 11,7 миллион теңгеге тазалаудан өткізілуде.
Сонымен қатар Алтынбек қашыртқысының 4,5 шақырымына 3,791 миллион теңге бөлінген, Әбдіәкім қашыртқысының 2,2 шақырымына 2,243 миллион теңге қарастырылған, осылайша Сейдулла қашыртқысының 3 шақырымына да 2,905 миллион теңге бөлінген, сондай-ақ Абжал қашыртқысына 2,6 шақырымына 1,334 миллион теңге мемлекет тарапынан бөлініп отыр. Аталған қашыртқылар биылғы жылдың аяғына дейін механикалық тазалаудан өтіп, толықтай іске қосылатын болады