Соңғы жаңалықтар

Дәріханалардан 5 түрлі дәріні тегін алыңыз…

Дәріханалардан тегін берілетін 5 түрлі дәрі жөнінде сіз не білесіз? Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үйде ем қабылдайтын 1 миллионнан астам халыққа жететін дәрі бар екенін айтып сендірді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Яғни, емханаларда дене қызуын түсіретін «Парацетамол» немесе «Ибупрофен» дәрілерінің бірін және қанды сұйылтатын «Ривароксабан», «Апиксабан», «Дабигатран» антикоагулянттың бірі тегін берілуі тиіс.

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің айтуынша, коронавирус және аталған вирусқа ұқсас белгілері бар пневмониямен сырқаттанған науқастар үшін алдын ала бір айлық қорға есептелген препараттар сатып алынған. Қазір осы жұмысқа жауапты бірыңғай дистрибьютор жалпы құны 8,7 млрд теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті өңірлерге жөнелткен. Бұл – орташа есеппен, 40 мың науқасқа жетеді. 15 тамыздан бастап тағы да екі айға жететін қор әзірленеді. Нақтылап айтсақ, стационарларда 200 мың науқасты емдеуге жетін дәрінің 50 түрі бар.

Ал коронавирус індетінің үшінші толқыны келген жағдайда, үйде емделетін адамдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту үшін 5 түрлі дәрі сатып алу жұмыстары аяқталуға жақын екен.

«Амбулаториялық жағдайда ем алатын 1 млн науқасты емдеуге межеленген дәрі-дәрмектің бес түрін сатып алу жұмысы аяқталып қалды. Айта кетейік, дәл сосындай ауқымды шаралар алғаш рет қабылданып отыр. Бұл шараның әр азамат үшін қандай игілігі бар дегенге тоқталайын. Енді сырқаттанып, вирус жұқтырдым деген күдік туса, тіркелген емханаңызға барыңыз. Егер вирус анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыздар. Барлық емханаларда қажетті дәрі-дәрмек болады және сіздерге ақысыз беріледі. Олар – ауруды асқындырмай, алдын алуға мүмкіндік беретін «Парацетамол», «Ибупрофен» және тағы үш түрлі дәрі», – дейді Б.Қожахметов.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛЫП НАВИГАЦИЯЛЫҚ СТЕЛАЛАР ОРНАТЫЛУДА

azatmedia

СОСТОЯЛСЯ ОБЩЕСТВЕННЫЙ СОВЕТ ПО ПОДДЕРЖКЕ МОЛОДЕЖИ

azatmedia

Кредит кешіріле ме? – Мамин жауап берді

azatmedia

Пікір қалдыру